Мәселе

Қалың малға бір миллион сұраған бойжеткенді жігіті тастап кетті

  • Фото:polzavred.ru

    Фото:polzavred.ru

Алматылық бойжеткен өзіне үйленуге ұсыныс білдірген жігіттен бір миллион теңге қалың мал сұрап, оны «ренжітіп» алған. Енді 30 жастағы ару Шығыс қазақстандық азаматты кері қайтарудың амалын таппай жүр деп хабарлайды NUR.KZ.


Биылғы жылдың ақпан айында танысқан жастардың сөзі жарасып, қарым-қатынастары үйленуге дейін барған.


Алайда той мен қалың мал төңірегінде туындаған мәселелерден соң, жігіт қызды тастап кетіпті.


«Алматы қаласынан боламын. Жасым 30-да. Биылғы жылдың ақпан айында ШҚО-ның жігітімен таныстым. Қарым-қатынасымыз өте керемет болды.


Бір-бірімізді сөзсіз ұғатынбыз. Ол осы таныстықтан кейін мені ата-анасымен таныстырып, наурыз айында үйленуге ұсыныс жасады.


Ал мамыр айында «сырға» салынып, біз Стамбұлға демалысқа барып-қайттық. Тіпті тойдың уақытын да белгілеп қойдық.


Жігітім наурыздан маусымға дейін жұмыстан қысқартылып қалғандықтан, тойды 60 адаммен (40 адам қыздың, 20-сы жігіттің туыстары — ред) өткіземіз деп шештік.


Сондай-ақ, бұл шығынды теңдей екіге бөліп алатын да болдық.


Мен жігітімнен қалың малға бір миллион теңге сұрадым. (Осы жерде айта кетейін, менің өзімнің екі бөлмелі пәтерім, банкте өз шотым бар. Әрі жоғары білімдімін. Ағылшын тілін де жақсы меңгергенмін. Сондай-ақ, тұрақты жұмысым бар)


Ал жігітім қалың малдың бағасына басында келіспеді. Кейін «қанша бергім келеді, сонша беремін» деді. Мен үндемедім.


Тойымызға 1,5 ай қалғанда ол ауылына қайтты. Ал Алматыға қайтып келгенде, менің қонақтарымның санын 40-тан 25-ке түсіруімді талап етті. Мұның барлығын жақындарының қалың мал үшін шығарған шуы екенін түсіндім.


Мен оның бұл сөздеріне қатты ренжіп, тойдан бас тарттым. Екеуіміз айырылысқан күннің ертесіне жігітім құлағыма салған сырғаны алып кетті.


Қазір осы оқиғадан кейін арада үш ай өтті. Мен қанша рет жігітіме барып, жалындым. Бірақ онымен бірге болмайтынымызды елестетсем, өзімді қоярға жер таппаймын.


Оған сезімімізді қайта жалғастыруды ұсындым. Бірақ ол менсіз де өмір сүре алатынын айтты. Енді не істеуім керек?», — деді мұңын шаққан 30 жастағы ару Almaty_forum2018 парақшасында. 




Көрілген: 1785    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 18:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30