Мәселе

Қалыңдығының қызойнақтағы суретін көрген азамат оған үйленуден бас тартты

  • Көрнекі сурет.  Желіден алынған

    Көрнекі сурет. Желіден алынған

Қызылорданың 28 жастағы тұрғыны Болат А. наурыз айында отау құрмақ болды. Алайда тойға бір апта қалғанда райынан айнып қалған. Оны мұндай шешімге болашақ жары ұйымдастырған қызойнақтағы суреттер итермелепті деп хабарлайды NUR.KZ.


Болатқа сүйіктісінің қызойнақтағы қылықтары ұнамай қалған. Оның айтуынша бұрындары қызы тұрпайы іс-әрекеттерден аулақ болса керек.


"Қалыңдығыммен бір жарым жыл кездесіп жүрдік. Оның жат қылық танытқанын көрмегенмін. Өзін әрдайым тәрбиелі әрі әдепті ұстайтын. Үйленер алдында қызойнақ жасағысы келетінін естігенде, мен тіпті таңғалдым. Ақыр соңында ол мені көндірді. Алайда ол үлкен қателікке бой алдырды", - деп айтты жігіт.

Болашақ жары қызойнақтан өте кеш қайтқан. Ертесіне көңілді кештің нағыз қызықтарынан хабарда болған ер адам өз көзіне өзі сенбеді. Әлеуметтік желіде қызойнақтан жасалған видео мен суреттер тарап кетті.


"Оның үстінде өмірі кимеген қысқа қара көйлек болды. Қолында ұстап тұрғаны шарап, одан бөлек олар басқа да ішімдіктерді алған. Бұған дейін мен сүйіктімнің ішімдік ішпейтініне кәміл сенімді едім.

Ортаға салған ұятсыз биі мен әдепсіз қылықтары мені қатты ашуландырды. Қызойнаққа стриптизер шақыртылғанын білгенде, тойдан бірден бас тарттым", - деді Болат.

Оның айтуынша, бойжеткен сүйіктісін бұл райынан қайтарып алмақшы болған. Алайда нақты шешім қабылдаған Болат оны еш өзгертпейтінін айтты.


"Әрине туыстарым кеткен шығын мен шақырылып қойылған қонақтардан ұят деп мені сабырлыққа келіп, райымнан қайтаруға тырысты. Алайда мен өз қалыңдығым үшін ұялғаннан қара жерге кіріп кете жаздап жүрдім. Анам алғашқылардың бірі болып менің шешіміме келісті, қолдады", - деп қайырды ер жігіт.


Болған оқиғадан кейін бойжеткен басқа қалаға кетіп қалған. Бұрынғы ғашықтар қазір араласпайды. 




Көрілген: 3979    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.04.2018, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31