Мәселе

Қандай жағдайда сақал мен қысқа балаққа тыйым салынатыны белгілі болды

  • CC0

    CC0

Діни қызмет туралы заң жобасында деструктивті діни ағымдардың сыртқы көрінісі болып табылатын атрибуттар, мысалы қауға сақал мен қысқа балақ, сондай-ақ бетті жауып тұратын киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге шектеу қойылмақ. Бұл туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгін мәжілісте Нұрлан Ермекбаев діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды. Заң жобасындағы өзгерістердің бірі – бет-әлпетті жауып тұратын киімді қоғамдық орындарда киіп жүруге және деструктивті діни ағымдардың сыртқы көрінісі болып табылатын атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалануға, киіп жүруге және таратуға, сондай-ақ олардың идеологиясын таратуға шектеу қою.


"Заң жобасында деструктивтi дiни ағым белгiлерiн пайдалану және көпшiлiкке көрсетуге тыйым салу көзделiп отыр. Олар заңнамалық актiде бекiтiледi. Бұл белгiлердің ішіне тек сыртқы ғана емес, идеологиялық, психологиялық, ұйымдастырушылық әрi діни жоралғы белгiлері кіреді. Деструктивтi дiни ағымдардың сыртқы белгiлерiне исламдағы радикалды ағымдарға тән дүниелер жатқызылуы мүмкiн. Мысалы, бетті жауып тұратын киiм, балағы қысқа шалбар, сақал болуы мүмкiн. Олар жеке-жеке емес, бiрге қарастырылады. Арнайы сараптама арқылы олардың деструктивтi ағымға жататыны-жатпайтынына баға берiледi", — деді Ермекбаев журналистерге.


Оның айтуынша, бұл белгiлер заңнамалық нормативтiк-құқықтық актiде бекiтiледi.


"Бұл актiде эскиздер немесе фотосуреттер берiлуi де мүмкiн. Ұсыныс бойынша, бұл IIМ, ҰҚҚ, Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң бiрлескен бұйрығы болады. Мамандар бұл белгiлердiң деструктивтi дiни ағымға жататыны-жатпайтынын анықтайды. Яғни, теріс ағымның бірнеше сыртқы белгiсi бар азаматпен тiлдесiп, оның дiни көзқарасы жайлы сөйлеседi. Тек қажет болған жағдайда оған ескерту жасалады", — деді министр.


 


 




Көрілген: 767    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 29.01.2018, 21:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28