Мәселе

Қапшағайда депутатқа тиесілі казиноның жұмысшылары ойынханаға басып кірді

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Қапшағайдағы казинолардың біріне жүзден астам адам басып кірді. Ашулы топтың бәрі де ойынхананың жұмысшылары. Оларды ашындырған жайт күндіз-түні қап-қап ақша тауып жатқан қожайындарының үш айдан бері жалақыларын бермей жүргені.


Ол былай тұрсын, тоқсан күн бойы тегін жұмыс істегендер казиноның ендігі жабылып та қалғанын бүгін жалақысын сұрап барғанда бір-ақ білді. Жүзден астам адамға айлығын айлар бойы бермей тентіретіп қойған казино қожайындарының бірі тіпті жергілікті Мәслихат депутаты екен.


Бала-шағасына тамаққа ақша таппай, қарызданған жұмысшылар басқа шарасы болмаған соң осындай әрекетке барды. Бәрі де казино қызметкерлері. Қожайындарының қалтасын қампайту үшін күндіз-түні ұйқы көрмей жұмыс істегендер тоқсан күннен бері көк тиын алмаған. Ол аздай, айлықты әне-міне береді деп күтіп жүргенде казинолары мүлде жабылып қалды.


Фарида Сейдалимова, казино қызметкері:


- Бір тиынсыз далаға лақтыра салды бір күннің ішінде. Біздің кредитіміз бар. Бала-шағамыз бар..


Казино қожайындарына, тіпті, көп балалы аналардың көз жасы да әсер етпегендей. Карта ойнауға келгендердің тамағын беріп, төгіп-шашқандарын жинаған олар жалбарынса да жалақысын ала алмапты.


Назым Ахметова, казино қызметкері:


- Пәтерақы төлеу үшін кредит алғанбыз. Оны төлеуге шамамыз келмей, процент дегені сұмдық енді. Білмеймін, қалай әрі қарай өмір сүреміз. Осы үшін үйде күнде ұрыс-керіс ақша үшін күйеуімізбен. Балаларымыз ол жылайды мектеп ақша сұрап жатыр деп.


Ал жүзден астам адамға айлығын бермей жүрген дәл осы «Алтын алма» ойынханасының қожайындары. Өздерінің қаржылық қиындықтарына байланысты ісін тоқтатқандар, казино сатылғанда барып ақшаларыңды аласыңдар деп отыр.


Ерлан Қашағанов, казиноның атқарушы директоры:


-Сатылады. Ақшаны алған кезде 2 айлық жалақыны береміз.


Ал ақшасын сұрап, казиноға тағы келетін болса, қамауға алдыртамыз деп сес көрсеткен. Осылай деп жұмысшыларына есігін тарс жапқан ойынхана қожайындарының бірі Қапшағай қалалық Мәслихатының депутаты. Халық қалаулысының құмар ойын бизнесі барын әріптестері де білетін боп шықты. Тіпті, онда тұрған еш әбестік жоқ деп қорғап шыға келді.


Мейрамгүл Айтова, Қапшағай қалалық мәслихаты жетекшісі:


-Ерлан бізде депутат. 10-шы округ бойынша. Бірақ, ол кісінің ондай қаржылық мәселелері бар екенін мен хабардар емеспін. Себебі, енді ол өздерінің жеке істері болғаннан кейін бізге ондай мәлімет берген жоқ болатын. Ол ол жерде тек атқарушы директор ғой.


Ал басқа әріптестері болса, Қашағановтың атын естіп қашып кетті. Тіпті, Қапшағай қаласының әкімі орынбасарының өзі зыта жөнелді.


-Менің оған қатысым жоқ. Сіз негізі депутаттың казиносы бар екенін білетін бе едіңіз?


- Казиносы бар?


-Бұндай сұрақпен айналыспаймын. Мен жарық, су дегендерге жауап беремін ғой.


Ал казино директорының суреті Мәслихаттың ресми сайтында ілулі тұр. Онда қанттай костюм киіп түскен қожайын өңірде білім мен спортты дамытамын деп, казиномен айналысып кетіпті.


 ktk.kz




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30