Мәселе

"Қарағанды аруы-2015" атанған қызға қатысты қылмыстық іс жабылды

  • © instagram.com/renatanurgazina

    © instagram.com/renatanurgazina

"Қарағанды аруы-2015" атанған Рената Нұрғазинаға қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылды. Ол 8 наурызда билік өкілдерін қорлады деп айыпталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қарағанды ару 2015" Рената Нұрғазина Tengrinews.kz тілшісіне роликте айтқан былапыт сөздерін филологиялық-лингвистикалық сараптамаға жібергенін айтты.


"Осы уақытқа дейін біз сараптама нәтижесін күтіп отырдық, ол бұл сөздердің полицейлерге айтылмағанын, тек эмоцияны білдіретінін дәлелдеді", - дейді қыз.


Полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, қылмыстық іс "Билік өкiлiн жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып қорлау" бабы бойынша қозғалған.


"Бұл дерек 2018 жылы 20 наурызда Қарағанды ​​қаласының Михайловск полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Енді ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 35-бабы 2-бөлігі 1-пункті бойынша қылмыстық істі жабуды (қылмыстық құқық бұзушы құрбандарының жоқтығына байланысты) жоспарлап отырмыз", - деп қосты ведомство өкілдері.


Рената ақтық шешімнің жақсы болғанына қарамастан өзін кінәлі сезінетінін айтты.


"Әрине іштей босап қалдым. Бірақ бәрібір жол полицейлерінің алдында ренжіткен болсам кешірім сұраймын. Бұлай боларын қаламадым, ренжімеулеріңізді сұраймын", - дейді ол.


Еске сала кетейік, халықаралық әйелдер күнінде жол полицейлері Рената Нұрғазинаны тоқтатып, жолда жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл жаза бастаған. Қыз болып жатқан оқиғаны камераға түсірген. Ол видеода эмоцияға беріліп сөйлеген, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғалған.


 




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30