Мәселе

Қарағұсова балаларына кедергі болмас үшін қарттарға арналған үй салуды ұсынды

  • Фото:parlam.kz

    Фото:parlam.kz

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова әріптестеріне қартайғанда тұратын кооператив салуды ұсынды. Ол бұл идеясын аз қамтылған отбасыларға қолдау шараларын талқылау кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілісмен Кеңес Абсатиров Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілінен әлеуметтік көмек көрсету барысында көпбалалы отбасының табысына ата-әжелердің зейнеті қосыла ма деп сұраған.


Айта кетейік, бұл мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне әсер етеді.


"Зейнетті табыс ретінде есептесек, неге өмір бойы балаларын сүйреп жүрген қарттар енді немерелерін сүйреуге міндетті болуы керек?" - деді депутат.


Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қолданыстағы заңнамаға сай үй қожайындарының табыстары есептелетінін айтты.


"Егер жақын туыстары бірге тұрып жатса, бәрінің де табысы есепке алынады. Жақын туыстары деп "Неке және ерлі-зайыптылық кодексіне" енетін адамдарды айтамыз, олар - әжелер, аталар, бауырлар, әпке-сіңлілер, күйеуі, әйелі мен балалары", - деді Жақыпова.


"Демек, оларды үйден қууға мәжбүр етесіздер ме?", - деп сұрады Абсатиров.


Ал Гүлжан Қарағұсова бұл мәселе бойынша өз пікірін қосты:


"Қуып қайтеміз? Бізге арнайы үй салу қажет, қартайғанда балалардың өміріне кедергі жасамай, сол жаққа барамыз. Бұл қарттар үйі емес. Бұл жеке кооперативтер болады. Бірнеше жыл өтсін, Татьяна Михайловна (қаржы вице-министрі Савельева - авт.) мен Татьяна Ивановнамен (Мәжіліс депутаты Яковлева - авт.) бірге сондай үй саламыз да, балаларға кедергі келтірмес үшін, сол жақта өз табысымызбен өмір сүруге кетеміз".


 




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 16:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31