Мәселе

Қасымов Денис Теннің ісі бойынша ұсталған үшінші адам туралы айтып берді

  • Қасымов Денис Теннің ісі бойынша ұсталған үшінші адам туралы айтып берді

    Қасымов Денис Теннің ісі бойынша ұсталған үшінші адам туралы айтып берді

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша ұсталған үшінші күдікті Жанар Толыбаева Алматыға Жамбыл облысынан келіп, даяшы болып қызмет атқарған. Бұл туралы ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов Алматыда өткен жиналыс барысында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оның мәліметінше, қылмыс 2018 жылы 19 шілдеде 14:56-да болған. "22:30-да біз бірінші қылмыскерді ұстадық. Сол арқылы біз осы іске қатысы бар бір адамды анықтадық. Бірінші жауап алу кезінде ол бізге барлығын айта қойған жоқ. Үшінші қылмыскермен жағдай қиындау болды. Бірінші түнін ол сайда өткізген. Кейін мекенжайын ауыстырып отырған - бірінші ықшамаудан, екінші ықшамаудан. Оны ұстау қиын болды. Сол себепті "Ақсай" ықшамауданында армиялық операция жүргізуге тура келді. Ұлттық гвардия қосылды. 18:40-та басқа мекен-жайға ауысқалы жатқанда ол ұсталды. Бұл істегі үшінші адам - әйел, ол Жамбыл облысынан. Жазда осында келіп, даяшы болып жұмыс істеген. Олар барлығы кездескен. Мына екеуі көлік айнасын ұрлаумен айналысқан", - деді ІІМ басшысы. 2018 жылы 25 шілдеде Жанар Толыбаева екі айға қамауға алынды. "Алмалы аудандық соты Толыбаеваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") және ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша күдікті санап, екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын мақұлдады", - делінген сот хабарламасында. Бас прокурордыңорынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қыз бала қылмыс туралы хабарламағаны үшін күдікті қатарына енген. "Қажетті деректердің барлығы жиналды, қазіргі уақытта прокурор олардың заңдылығын тексеріп жатыр. Сол қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын бұйырды", - деді Марат Ахметжанов. Осыған дейін Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновтардың осы іске қатысты күдікті ретінде ұсталғаны хабарланды. Екеуі де өмір бойына сотталуы мүмкін.

 




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.08.2018, 21:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31