Мәселе

Қатты ашыққанда өз баласын жемекші болған...

  • Қатты ашыққанда өз баласын жемекші болған...

    Қатты ашыққанда өз баласын жемекші болған...

Бұл қазақтың басынан нелер өтпеген десеңізші! Көнекөз қариялардан кейбір әңгімелерді естігенде төбе құйқаң шымырлайды. Сонау 1974-жылы Ұлттық банктің Жамбыл облысындағы филиал меңгерушісі, Ұлы Отан соғысының ардагері Сіргетай Анарбековтен осындай бір қорқынышты әңгіме естігенім есіме түсіп отыр. 


«1932-жылы әкем мен шешем бірдей қайтыс болып, үйде бір өзім қалып едім. Күйеуге шыққан әпкем Ташкентте тұратын. «Бір үйде жалғыз өзің аман қала алмайсың. Сені Ташкентке әкетейін. Жездең екеуміз де жұмыстамыз, жиенің балабақшаға барады. Бүгінде үй тонау көбейіп тұр, біз жұмыста болған кезде үйге қарайсың», – деді. Сөйтіп әпкем мені Ташкентке әкетті. Ол кезде жасым 16-да еді. Әпкемнің үйінде тұрдым. Кейде нан алуға дү­кенге барамын, сол кезде көзіме қазақтар көп шалынатын. «Ташкентте нан көп» дегенді естіген аш қазақтың көбі сол жаққа ағылған екен. Бөтен елде ешкімді танымайды, жұмыс­қа да тұра алмайды, қалтасында көк тиын қаржысы да жоқ бейшаралар әр жерде қылжиып өліп жататын. Аштан өлгендерді машинаға, арбаға артып тауыса алмайтын», – деген еді ол кісі. 


Ашаршылық елімізде 1930-жылдары байлар мен орта шаруалардың малын тәркілеуден кейін-ақ басталған екен. Үлкендер айтып отырушы еді. Сол жылдары біздің жақта Әзәзіл Әзім деген болыпты. Оны ел өте пысық адам дейді екен, соның өзі де ашаршылық кезінде қиналып, күнкөріс іздеп Ташкент жаққа жол­ға шығыпты. 


Содан жолда кетіп бара жатқанда аштықтан әл-дәрмені құрыған Әзәзіл Әзім әйелі Жұлдызайға баласын жетектеп кете беруді тапсырыпты. «Таңертең өздерің жүресіңдер. Бірдеңе етіп арттарыңнан жетермін. Болмаса, амал қанша... Артымызда ұрпақ қалсын. Баланы аман жеткіз», – деген екен. Ал таңертең әйеліне: «Баланы қалдырып, өзің кете бер. Артыңнан жетерміз», – депті. 


Содан әйелі жолға жалғыз шығады. Біраз жүргеннен кейін түнде бала екеуің кете бе­ріңдер деп, енді баланы алып қалғаны несі деп ойлайды. Артынша баласының айқайлап жылаған дауысын естиді. Ол: «Апатай, мені қалдырмаңызшы!» – деп жылап жатыр екен. Содан жүгіре жетіп, баланы аш әрі дәрменсіз әкесінің жабысып қатып қалған қолынан әрең ажыратып алыпты. Жылап-еңіреп, артына да қарамай қашып, жолда өздері сияқты үрейлене үдере жаяу-жалпы кетіп бара жатқандарға барып қосылыпты. Сөйтіп Ташкентке жетіп, аман қалыпты. 


Ауылдағы көршіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Сембай Қалдыбаевтың әкесі де кезінде: «Үйде екі-ақ қап ұн қалды. Мен асқа ортақ болмайын деп әйелім мен ұлымды бір Құдайға тапсырып, Ташкентке кетіп қалғанмын. Содан астық піскенде бір-ақ оралдым», – деп айтып отырады екен. 


Мен өзім тарихи кітаптарды көп оқыған жанмын. Бірде жазушы Әбіш Кекілбаевтың бір кітабынан Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың орыс­тың әйел патшасы Елизаветаға: «Елімізді біресе Қоқан, Хиуа, Бұқар, біресе қытай, монғол, қалмақ шауып, малымызды айдап кетеді. Жасөспірім қыздар мен ер балаларды байлап-матап әкетеді. Оларды не істейтіні өздеріне ғана мәлім», – деп жазғанын оқығанмын. Сол да есіме жиі оралады. 


Бұл қазақтың басынан нендей нәубеттер өтпеген дейсіз? Енді ондай сұмдықтар қайталанбаса екен. Еліміз бейбіт заманда дамып, өсіп-өркендей берсе екен. 


Тыныштық ДАУЫЛБАЕВ.

Шаян ауылы. Бәйдібек ауданы.

Тыныштық Дауылбаевтың байланыс телефоны: 8-775-127-31-46


www.zamana.kz


 




Көрілген: 2377    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.02.2018, 13:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31