Қатыгездік қайдан шығады?

Қатыгездік қайдан шығады?

Кейінгі кездері осы сауал менің жанымды жай таптырмай жүр. Қоғамда кеңінен етек алып кеткен, жеті басты айдаһар іспетті осы қылмыс атаулының түп тамыры қайда жатыр? Адамдардың бойындағы мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық секілді асыл қасиеттердің қайнары қалай суалып қалды? Өмірімізде күн сайын дерлік кездесіп қалатын неше түрлі сұмдықтарды қайткенде ауыздықтай аламыз? Сұрақ көп, ал жауап жоқ. Неге? Өйткені капиталистік қоғамның төл баласы секілді осынау келеңсіз құбылысты терең зертеп, саралап отырған, сөйтіп бұл тығырықтан шығатын жолды көрсететін арнайы зерттеу орталығы немесе қоғамдық ұйымдар да жоқ. Ал енді бұл қасіреттің алдын алмасақ, қоғамның болашағы бұлыңғыр. Өйткені имандылық пен ізгілік жоқ жерде дамыған мемлекет орнатам деу – таза адасушылық.
Менің бұлай деп дабыл қағуыма мына бір үш бірдей қылмыстың орын алуы итермелеп отыр. Талай жаға ұстатар қылмыстарды көріп жүрміз ғой, алайда менің ойымнан биылғы жылдың басында бүкіл облысымызды елең еткізген үш оқиға естен кетер емес.
Біріншісі, жап-жас қазақтың жігіті шешесіндей кісіні пышақтап өлтірді. Мәселе былай болған. Жаңағы жігітіміз жолдастарының туған күнін тойлаймын деп үлкен бір үйді бір тәулікке жалға алады. Түнімен шарап ішіп шайқалтып, арақ ішіп армансыз өткізген думан тарайды да, әлгі жігіт кепілдікке берген құжатын алуға қалады. Үй иесі келген соң «мұндағы ыдыс-аяқты түгел сындырыпсыңдар, енді соның ақысын төлеу керек» деп құжатын бере қоймайды. Мұндай «әділетсіздікке» шыдамаған «батырың» сол жерде сөзге келместен шешесіндей әйелде пышақтап өлтіріп тастайды да, дым болмағандай жайына кете береді. Құжатты да іздемейді.
Екінші қылмыскеріміз де өндірдей жас жігіт. Жігіт болғанда қандай, анау-мынау емес жедел қимылдау арнайы отрядының (қысқаша айтқанда СОБР) «жүрек жұтқан» сарбазы. Бұл жігітіміз де осал емес екен. Бір операция барысында ешбір себепсіз таксидің шоферін сабап тастайды. Ол полицияға арыз жазады. «Мүмкін бұл сарбаздың кінәсі жоқ шығар, тексеріп көрейік» деген мақсатпен мұны уақытша жұмыстан шеттетеді. Ал бұл сабазыңның қолы босағасын күші бойына симай бара жатты ма кім білсін, бірде «ақаңды» сілтеп алып, бірге таксиге мінген бір жігітті өлімші етіп соққыға жығады. СОБР-дің жұдырығы сойқан ғой, жаңағы жолаушы ауруханада көз жұмады.
Үшінші оқиға кім-кімге де ой саларлық. Бір алыс ауылдағы 14 жасар қыз бала, сол жердегі мектепте мұғалім болып істейтін жігіттен аяғы ауыр болып қалады. Әуелде «жәй жігіттік қой» деп басын алып қашқанмен, кейін ымырыға келген болып, әке-шешесінің жанына алып алады. Алайда басында қиюы қашқан бұл іс қайғылы аяқталады. Алдымен жігіт қызды үйінен қуып шығады. Сосын бірде мас күйінде жолығып қалып, әй-шайға қарамастан ай-күні жақындап отырған бойжеткенді пышақтап тастайды. Қаныпезерлігін қайтерсің, пышақты тұп-тура ішіне сілтейді. Кейін дәрігерлердің айтуына қарағанда 7 айлық шарана жан тәсілім етерде қорыққаннан аяқ-қолы бүрісіп қалыпты. Жас сәбидің қорқыныштан жүрегі жарылып кеткен көрінеді. Бір қызығы, әлгі қызымыз жаңағы қанішер сотталып бара жатқанда, оны аяп еңірегенде етегі толыпты деседі. Тіпті оны соттамауды өтініпті.
Мінекей, менің қолыма қалам ұстатқан, адамның жағасын ұстатқандай үш оқиға осындай. Үшеуі үш жерде, үш адамның қолынан болған қылмыс екендігіне қарамастан, оларды ортақтастыратын бір нәрсе бар. Ол--қарапайым адамның ақылы жете бермейтін асқан қатыгездік. Біреуі өзінің анасындай адамды жайратып тастап жүре береді. Екіншісінің қол қышып, күші тасып бара жатқасын танымайтын біреуді сүлейтіп сабап тастайды. Ал үшіншісі болса, өзі 20-дан енді ғана асқан жас жігіт екендігіне қарамастан шарананы жарып өлтіруге келгенде беті шімірікпейді.
Сонда бұл не ? Адам азды ма, қоғам азды ма? Мұндай сорақы қылмыстарға баруға не түрткі болды? Кінәлі кім? Шындығын айтқанда кінәлі мына өзіміз. Рас, күніне неше түрлі сұмдықты көрсететін теледидар деген пәленің де әсері бар шығар. Алайда біз балаларымызды олардан жысырып тіршілік ете алмаймыз. Прогресті тоқтату қиын. Көшенің де ықпалын жоққа шығаруға болмас. Алайда бұған да әліміз келмейді. Бала өмірбақи әке-шешесінің жанында отыра алмайды ғой. Шынжырлап қойсаң да. Енді не қалды? Тәрбие қалды. Міне, басты кілтипан осында.
Егер мен «біздің қазақ баласына дұрыс тәрбие бермейд» десем, былайғы жұрт өре түрегелуі әбден мұмкін. Дегенмен сабыр етелік. Балаларымызды өзіміз тәрбиелеп, өз өнегемізбен үлгі танытпасақ, ненің жақсы, ненің жаман екендігін үнемі құлағына құйып отырмасақ, өзінен-өзі қалай адам болады. Бір қызығы, біздің көпшілігіміз дәл осылай ойлаймыз. Яғни бұлардың барлығы дерлік өскесін бір ғажайыптың әсерінен өзінен өзі тамаша азамат болады. Қиял-ғажайып ертегі. Ғажайыптылығы сол, біз осы ертегігіе құлай сенеміз. Неге? Бала тәрбиесіне тым немқұрайды қарайтындығымыздан. Оны ата-ананың ең қасиетті парызы деп санамағанымыздан, тіпті түптеп келген жалқаулығымыздан. «Баланы-жастан» деп өзіміз айтқанмен, мұны өмірде ұстанбаймыз. Мына бөтен халық баланы қатты ұстайды. Егер ешбір себепсіз бірдеіңені бүлдірсе, жазасы дайын. Бұрышқа тұрғызып қояды. Тіпті белбеуді де қолға алады. Мүмкін кейде қаттырақ та кетіп қалады. Мүмкін бұл артықтау шығар, мүмкін ол педагогикалық этикаға жатпайтын да шығар. Алайда ол бала кұні ертең ненең жаман, ненің жақсы екендігін, нені істеуге болады, ал нені мүлдем істеуге болмайды дегенді түсініп те, түйсініп те өседі. Ал сіз дәл осылай істеп жатқан қазақты көрджіңіз бе? Қайда... Қайта баланы жасынан есіртіп жібереді. Айтатыны «осы тентектен бірдеңе шығады немесе осы ерке түбі адам болады» деген қисынсыз бірдеңелер. Ау, ағайын, өз дегені болмаса ештеңені тыңдамайтын тентектен немесе еш уақытта бетін қақпаған еркеден нендей парасатты адам шығушы еді. Ары кеткенде өмірден таяқ жеп есі кіреді, болмаса «неге менің айтқаным болмайды» деп кінәсіз біреуге қол жұмсаудан тайынбайды. Оның арғы жағы қылмысқа жақын тұратындығын айтып жатудың өзі артық болар. Мінекей, ерке мен тентек жайлы түсінігіміз осындай. Ойбай-ау, баланы айтамыз, аты әйгілі, жасы біразға келіп қалған бір қарындасымыз әлі күнге дейін «Мен қазақтың ерке қызымын» деп сахнада секіріп, осы өлеңді айтудан жалықпай келеді. «Мен қазақтың әйдік әншісімін» немесе «Мен қазақтың даңқты қызымен» демейді, жоқ, «Мен ерке қызымын» дейді.
Жә, қазақ мүлдем тәрбиемен айналыспайды деуден аулақпын, Айналысады, әрине. Бірақ онысы қызық болып шығады. Бірдеңені ежіктеп қайта-қайта түсіндіріп жатуға шыдамы жетпейді де, бірдеңе болса бірден шапалаққа жүгінеді. Ол бала өсе келе қоянжүрек қорқақ, өз бетінше ештеңе шеше алмайтын жалтақ біреу болып шығады. Екіншісі, жааңғыдай «өзі өсі өсіп, адам болады» деген қағида.
Қазақтың тағы бір қызығы, бала тәрбиесімен өзі емес, өзге біреулер айналысқандығын қалайды. Ал оған дайын ақылды да парасатты, көрікті де көркем бала керек. Өзінен-өзі тәрбиеленген, өзінен-өзі дана болған. Әйтпесе, «О, құдайым, сана бер, сана бермесең бір-бірден ала бер» дегенді кім айтқан?
Артықтау кетсем, ғафу өтінемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста