Мәселе

Қатын бастаған көш оңбас: әйелдердің еркектеніп бара жатқаны рас па?

  • © Caravan.kz

    © Caravan.kz

«Әйелдер еркектеніп барады. Жұмыс істемей, үйде отырып, бала бақсын». Бұл қоғам белсенділерінің қыздарға жолдаған үндеуінің үзіндісі. Олар ер жігіттердің жұмысын істеймін деп, бойындағы нәзіктігін жоғалтып, әйелдік болмысынан айырылып қалуда деп алаңдайды. Десе де, қыздардың денінің мұндай шартпен мүлдем келіскісі жоқ. Тіпті, биліктің шыңына жетіп, өмірін саясатқа арнаған шенеунік әйелдердің өзі бұған қарсылығын білдіруде. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Қоғамда резонанс тудырған үндеуді абайтанушы Омар Жәлел жолдады. Оның айтуынша, қазақ қоғамы қыздарына дені дұрыс тәрбие беруден қалған. "Бұрында асырайды деп ұл туса қуанатын еді, бүгінде дүниеге қыз келсе, мәз болатын дәрежеге жеттік. Алайда, бұл – өте үлкен қателік" дейді ол. Өйткені, соның салдарынан нәзік жандылар өзінің табиғи міндетін атқарудан қалып бара жатқан көрінеді.


"Әйел мен еркек тең деп жариялағанан бастап, қазақтың еркегі де, әйелі де аза бастады. Еркек құнсызданып, мал таппайтын болды. Әйел еркектің орнына жұмыс істеп, бала таппайтын болды. Сөйтіп, біз қазір демографилық кризиске ұшырып жатырмыз. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы демография өсуі үшін әйел өз орнына, еркек өз орнына қайта келу керек», - дейді мәдениеттанушы Омар Жәлел.


Абайтанушының пайымы психолог Жанагүл Тұрманова қолдайды. Оның сөзінше, мансапқорлықтың кесірінен нәзік жандар өзінің табиғи болмысын жоғалтуда. "Яғни, ер жігіттермен бәсекеге түсем деп, қыздардың жаны еркектеніп, қоғамды үлкен демографиялық дағдарысқа ұшыратуда" дейді. Салдарынан...


"Қазір мынау әйелдің тірлігі, мынау ер адамның тірлігі деген жоқ. Бізде қазір мынадай тенденция бар: әлеуметтік жыныс деген. Ол бізде - гендер. Ол барлық жерде қолданылып, қазір кез-келген сферада алдында тұрады гендерлік мәселе. Ал әйел адамдар, олар кез келген іске икемділігін көрсетті да, профессионализмін көрсетіп алға шығып кетті ер адамдарға қарағанда" – дейді психолог Жанагүл Тұрманова.


Өмірінің көбісін қоғамдық жұмыстар мен мемлекеттік қызметке арнаған Оразгүл Асанғазы болса, жоғарыда айтылғанмен мүлдем келіскісі жоқ. Оның уәжінше, қыздардың жаны еркектеніп барады деген мүлдем қате пікір. "Ал нәзік жандардың жатпай-тұрмай жұмыс істеуіне ер жігіттердің өзі кінәлі" дейді.


"Қыздарды елге қызмет еткізу үшін, ондай қыздарды өзіне бағындыру үшін біздің ер азаматтарымыз қыздардан бір бас жоғары болу керек. Әлгі таяқпен емес, ақылмен, парасатпен өзінің, өзінің жарының биіктігін мойындаған ер азамат қана қыздарға қызмет жасауға қызмет жасайды. Үйінде жағдайы болған қыздар ана болып та, жар болып та, кез-келген қызметті атқара алады" – дейді қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы.


Алайда бүгін үйде де, түзде де әйелдердің белсенділігі артып барады. Қайда барсаң жігіттің де, қыздың да жұмысын істеп жатады. Нәзік жандылардың өзі бұған не дейді?


- Жоқ келіспейміз, әр адамның өзінің таңдауы болу керек, егер жұмыс істегісі келсе, жұмыс істесің.

- Менің ойымша жоқ, жұмыс істеу керек. Неліктен? Себебі даму керек, сосын үйде отырып қалады ғой.

- Қатты үйде отырып қалу да дұрыс емес .


Ал әлеуметтанушы Исатай Минуаровтың сөзінше, қазақтың санасына сіңіп қалған теріс пікірден тезірек арылуымыз керек. Өйткені саясатта да, қоғамда да әйелдердің орны маңызды.Тіпті, батыс елдерінде әйелдердің құқығын қорғауға, саясаттағы рөлін нығайтуға бағытталған түрлі ұйымдар да бар екенін айтты.


«Швециядағы,Даниядағы, Норвегиядағы сияқты елдердегі әйелдердің саясаттағы рөлі олардың үлесі 44 процентті құрайды екен. Бізде қарап отырсаңыз мәжілісте 127 депуттатың ішінде тек қана қателеспесем, 23 депутат әйел адам. Сенаттағы 47 депуттатың ішінде тек қана 4-і әйел адам.Әрине бізге бұл көрсеткішті әлі де көтеру керек деп ойлаймын» - дейді әлеуметтанушы Исатай Минуаров.


«Байтал шауып бәйге алмас», «Қатын бастаған көш оңбас» деген ұғымдарға қатысты жұрттың пікірі қақ жарылды. Бірі шетелдің феминистік топтарының ықпалынан біздің қоғамдағы кей әйелдер көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап, ер адамдардың ісіне араласа бастады. Бірақ, одан шығып жатқан нәтиже шамалы дейді. Өзгесі, әйелдердің қай жағынан болсын еркектермен құқы тең, тиісінше тау қопаратындай мүмкіндігі де орасан екенін айтады. Сондықтан, бір кезде айтылған жоғарыдағы тіркестер қазіргі заман талабымен мүлдем қабыспайды деген ойда.


 




Көрілген: 969    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30