Мәселе

Қаза болған каскадер Қасым Жұмағожиннің жары мәлімдеме жасады

  • © 365info.kz

    © 365info.kz

Қасым Жұмағожинның жары Альбина каскадердің өліміне қатысты жалған ақпарат таратушы әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жариялады.


«Бүгін менің күйеуім Қасым Жұмағожиннің жерлеу рәсімі өтті. Ресми нұсқа бойынша (оны БАҚ-та жариялады да), ол жүрек талмасынан түнгі клубта өнер көрсету кезінде қайтыс болды.


Соған қарамастан, әлеуметтік желіде оның түнгі клубта өнер көрсетіп жатқан кезде түсірілген видеоларды тарату және Қасымның қалай қайтыс болғаны туралы сан-саққа ой жүгіртіп, жалған мәліметтер мен оның суретін таратып жатыр», — делінген каскадердің жарының мәлімдемесінде.


Ол заң бойынша әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралы ретінде саналатынын және сол себепті жалған мәлімет таратқан Желідегі аккаунт иелері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты.


«Біріншіден, видеоның сипаттамасында Қасымның қайтыс болғаны жазылған — бұл жалған, себебі ол өзін жайсыз сезініп, өнер көрсетіп болған соң қайтыс болды.


Екіншіден, неше түрлі нұсқаларды жариялағандар (сақтандырудың жоқтығы, қылғындыру және өз-өзіне қол салу) моралдьдық залал келтіргені үшін, жалған сөйлеп жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.


Үшіншіден, адамның суретін оның рұқсатынсыз пайдаланғаны үшін (қаза болған жағдайда оның туысының рұқсатын алу) қылмыстық жазаға тартылады», — деді Альбина Жұмағожина.


Үндеуде қайтыс болған каскадердің отбасы Қасымның өлімі жайлы жалған ақпарат таратуды доғару үшін құқық қорғау органдарына және прокуратураға шағымдануға мәжбүр екендерін жеткізді.


«Барлық заңбұзушылықтар анықталады, кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Үлкен өтініш, жалған ақпарат таратпаңыздар, біреудің қайғысынан хайп көтермеңіздер, өзіңіздің және топтарда жарияланған жалған ақпараттарды өшіріп тастап, жауапкершілік жайлы ойланыңыз», — деді Қасым Жұмағожиннің жары.


Айта кетейік, Nomad Stunts командасындағылар танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді. Бұған дейін Желіде пайда болған видеоның кадрларында каскадерлардың бірінің қайтыс болғаны көрсетілді, олар алматылық клубтардың біріне Хэллоуинді атап өтуге шақырылған.


Желі қолданушылары клубтағы қайғылы оқиға мен танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өлімін байланыстырды. Nomad Stunts тобының коммуникациялар жөніндегі менеджері Евгения Лидің айтуынша, 3 қарашада Қасым Жұмағожин әріптестерімен бірге барлардың бірінде шоу-бағдарламаға қатысқан. Сценарий бойынша ол асылып тұрған мумияны сомдады.


365info.kz 




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 16:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30