Қазақ жастары шетелге кетуге неге құмар?

Қазақ жастары шетелге кетуге неге құмар?

Отанын тастап шығып шетел асу, шылқыған байлықта өмір сүру қазір көптің арманы. Әсіресе, қазақ жастарының өзге елге ұмтылысы соңғы жылдары аса көбейіпті. Әрине, бай болып тірлік кешуді әркім қалайтыны шындық. Дегенмен, біріншіден қу құлқынның қамымен жүргенде елінен адасып кейін еңіреп қайтқандар көбейіп тұр. Екіншіден, жалындаған жастардың өзге елде ұлтан болғаны, қазақ елі үшін де қыруар шығынды далаға шашқанмен тең екені сөзсіз. Қайтпек керек? Бүгінгі санда ойды осы бір толғақты жайдың тамырын басуға арнамақ болдық…
Ресми статистика жаға ұстатарлық. Қазақ статистикалық агенттігінің дерегіне жүгінсек 29 жасқа дейінгі қазақ жастарының 32 пайызы яғни әрбір үшінші қазақ елінің үміті шетелге кетуге құмар. Бұған не себеп? Жастарымыздың елден қашуына не түрткі болды? Бүгінгі қоғамда және алдағы келешекте жас буынды қандай мәселелер толғандырады? Неліктен олар елімізде өз орындарын таба алмай отыр? Әлде барған жерде бақыр бар деп шетелге барғанда мол мүмкіндік күте ме?
Әрине кез-келген адам өзінің жақсы жақта өмір сүргенін қалайтыны анық.
Еліміздегі әлеуметтанушы мамандар қазақ жастарының негізінен Канада мен АҚШ-та, одан қалды Германия мен Түркияға көшуге ықтияр екенін растады.

Толғанай Үмбетәлиева, саясаттанушы:
– Бесіктен белі жаңа шыққан жас өркендеріміз шетел асқанда арғы жағын ойланбай тұр. Бәлен жерде бақыр бар деп белін бекем буып, түйіншегін түйіп тартып отырады. Мұндағы басты мәселе сенің мәртебең шетелге барғандағы мақсатыңа қарай өзгеретін болады. Егер сен сол жақта қалуға бекінсең онда мұлдем басқаша жағдай. Әр нәрсенің байыбына барып, оң мен терісін айқындап бару керек. Ал барған жерде жұмаққа бөленіп, байып кетем деген ойдан арылу қажет. Көпшілік жастар бізді онда құшақ жая қарсы алып, жалақысы жақсы, мәртебесі жоғары жұмыс береді деген аңғал сенімде болады. Мүлде олай емес. Шетелде де біздегі сияқты өзіңді көрсетіп, қоғамдағы орныңды жеңіп алу үшін күресу әрі дәлелдеу қажет. Ал мұндай күрделі істі өз еліңде істей алмай тұрып, тілі мен діні бөлек шетелде жүзеге асырамын деу құр далбаса дер едім...
Әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар қазақ жастарының отаннан жыраққа кетуге итермелейтін жағдай кірістің төмен деңгейінен деп түсіндіреді. Негізгі себептердің қатарында жұмыссыздық пен тұрғын үй мәселесі алдыңғы қатарда екен. Ал ең өкініштісі шетелге кетуші жастардың басым бөлігінің жасы 19 бен 23 аралығындағы тепсе темір үзер жастар екендігі алаңдатады.
Көңілге қаяу салар өзекті жайдың бірі шетелден жұмыс іздеуші жастарымыз құлдықтың құрбанына айналып жатқаны. Әсіресе, ауыр еңбекке салынып, жыныстық қызметке жегіліп кейін қайтпай қалатындар да жетіп артылады. Әрине мұндай «эмигранттардың» санын ешкім тап басып айта алмайды. Себеп, көп жағдайда жабулы қазан жабулы күйінде қалып қояды. Құқық қорғаушыларына тапсырылмаған істер шетел асырылған жастарымызға қатысты қылмыстық істердің ашылмай қалуына түрткі болады.

Ирина Медникова, Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің бас директоры:
– Біздің жастарымыздың 23,7 пайызы Ресейге немесе жақын шетелдерге әсіресе ТМД елдеріне кетуге ұмтылады. Ал алыс шетелге шығып, сонда тұруға ықылас танытқандар қатары жастарымыздың 13,8 пайызына жетіп жығылған. Оның ішінде біздің зерттеулерімізге сәйкесс Түркия, Канада, Германия және Қытай елдері көптеп таңдалады. Бірақ олардың көпшілігі баруын барғанымен кейін бармағын шайнап қайтып жатқандары баршылық. Тіпті, жезөкшелікке салғандар ақшасын тартып алып, жұмысқа жегіп қойғандар да өкінішке орай болып жатыр...

Иә, талаптанып шетел асқан жастарымыздың тақырға отырғаны еліміз үшін аса қатерлі екені айтпаса да түсінікті. Мұндай істің тамырына балта шауып жастардың өнер мен білім игеріп қайтуы ғана ел үшін аса маңызды Елбасы да әр кез еске салып келеді. Яғни жастарды шетелге құмартатын тағы бір себеп «Болашақ» бағдарламасы екені анық. Бүгінде мыңдаған жастар білім алып қайтқан бағдарлама қазақтың көкейіндегісін тап басып жатқаны да шындық. Алайда, сонымен қатар мемлекеттің қаражатын алып елге қайтпай қалатындардың саны артып барады. Тіпті, сол елдің экономикасының дамуына өз үлестерін қосып еңбек етіп жатқандар да табылыпты. Статистикаға сенсек осы уақытқа дейін бағдарламаның арқасында шетелде білімін жетілдірген қазақстандықтардың саны 10 мыңнан асып жығылыпты. Дегенмен, «Болашақ» бағдарламасымен барған жастардың 300-ден астамы сол елде қалып қойып, оларға жұмсалған 1,34 миллиард теңге желге ұшқан. Яғни, былайша айтқанда, осынша талантты жастарымыз шетелдің шекпенін көтеріп жүр. Ақылдың ағуы деп осыны да айтуға болатын шығар.
Тағы бір ойландырарлық өзекті жай жастардың діни ағымдардың жетегінде жүріп шетелге кетуі асқынып тұр. Осының кесірінен жүздеген қазақ жастарының Сирияға соғысқа аттануы да мәселенің күрделенгендігін айғақтайды.
Иә, жастар шетелге кетуге ықтияр. Бұл әркімнің жеке шаруасы. Дегенмен, өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан болуға тәрбиелеуге шамамыз жетпей жүрген тәрізді.

Абзал Алпысбайұлы,
Ақмола облысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста