Мәселе

Қазақстанда әр адвокатқа 3900 адамнан келеді

  • Қазақстанда әр адвокатқа 3900 адамнан келеді

    Қазақстанда әр адвокатқа 3900 адамнан келеді

 Әділет вице-министрі Марат Бекетаев 2017 жылы 29 мамырда ноториат пен адвокатура институтын дамыту және реформалау туралы оқыған баяндамасында Қазақстанда қорғаушылар жетіспейтінін және әр қорғаушы басына 3 900 адамнан келетінін айтты factcheck.kz сайты. 


Аталған басылым Әділет вице-министрі сөзінің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді.


Үкім: Шындық


ҚР реестрінде 4 635 қорғаушы тіркелген. Республикадағы халық санының 18 миллион екенін ескерсек: 18 000 000 / 4635 = 3883. Әр жарты жыл сайын қорғаушылар тізімі толығып, екі-үш жаңа қорғаушы келеді. Осы қорғаушылардың арасында кейбірінің лицензиядан айырылатынын да есепке алсақ, Әділет министірінің айтқандары шындыққа жанасады. Бұдан өзге, Марат Бекетаев Германияда әр қорғаушы басына 500 адам, Англияда 890 адам, Италияда 260 адам келетінін айтқан.


Үкім: Жартылай шындық


Біріккен Патшалықтағы мәліметтерді дөңгелектеу барысында аздап қателескен – жалпы алғанда цифрлар сәйкес келеді және Қазақстаннан айтарлықтай өзгеше екені де рас. Ұлыбритания халқының орташа саны - 65 млн, ал қорғаушылар саны 180 мыңға жеткен. Яғни 65 000 000 / 180 000 = 361,1.


Италия халқының саны – 60 миллион адам. 2017 жылдың қараша айындағы мәліметтерге сәйкес, аталған елдегі қорғаушылардың саны 246 адам. Егер 60 миллионды 246 мыңға бөлсек, әр қорғаушыға 244 адамнан келеді. Германия халқының саны - 82 800 000 адам. Қорғаушылар саны - 163 690. Бөлсек шамамен әр қорғаушы басына 505 адамнан келеді.


factcheck.kz


 




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.12.2017, 22:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31