Мәселе

Қазақстанда бала құқығын қорғайтын кеңес құрылды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

"Нұр Отан" партиясының жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Нұр Отан" партиясы көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсетіп, өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғауды одан әрі жандандыруды қолға алмақ.


"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев кеңес құру туралы идея көптен бері айтылып жүргенін атап өтті.


"Өкінішке қарай, Астанада болған қайғылы оқиға кеңестің құрылуын жеделдетті. Бұл ауыр трагедия, бұдан бәріміз сабақ алуымыз керек. Болашақта мұндай трагедия қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет", - деді Әшімбаев кеңестің алғашқы отырысында.


Аталған кеңес әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді.


Кеңестің басты мақсаты – көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсету және жұмыс істейтін көп балалы аналарға лйықты жағдай жасау туралы ұсыныстар мен шаралар даярлау, сондай-ақ балалар құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заңнамаларды талдау.


 




Көрілген: 239    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 16:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 21:05
    Лашықтағы өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28