Мәселе

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін

  • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін

    Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін

 Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандардың саны азаймай тұр. Осы жағдайға байланысты депутаттар жүргізуші куәлігін беру тәртібі мен емтиханды қатаңдатуды талап етіп отыр. Сондықтан алдағы уақытта аталған құжатты алу қиындауы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.


Қазақстандық депутаттар Ішкі істер министрлігінен жүргізуші куәлігінің берілу тәртібі мен оны алу үшін тапсырылатын емтиханды қатаңдатуды талап етті.


Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің мәліметінше, ел тәуелсіздігін алғаннан бері 28 жыл ішінде 82 мың адам жол апатынан мерт болған.


«Қазақстанда бейбіт күнде адамдар тура соғыс кездегідей қырылып жатыр. Оны Ауғанстандағы қанды қырғыннан жапа шеккендермен салыстыруға болады. Мәселен, былтыр жол апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапты. 20 мың 445 жан мүгедек болып қалды», – дейді депутат.


Сонымен қатар депутат былтырғы жылдың желтоқсан айының соңында Алматыдағы Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында болған жантүршігерлік жол апатын еске алды. Gelandewageн автокөлігінің кінәсінен болған апат салдарынан 3 адам көз жұмып, біреуі жансақтау бөліміне түскен еді. Ажал құшқандардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова бар.


Өз сөзінде депутат көп жағдайда жол апатына көлік жүргізушісі кінәлі болатынын атап өтті.Дәл осы себепті ол Ішкі істер министрлігінен жүргізуші куәлігін беруді қатаңдатуды талап етті. Бұл үшін ең алдымен емтиханды қиындату қажет, дейді Казанцев.


Stan.kz.




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31