Мәселе

Қазақстанда қылмыс құрбандары мемлекеттен өтемақы ала алады

  • © egovreader.kz

    © egovreader.kz

Мәжіліс бүгін Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.


Қордың міндеті - дүние жимаған қылмыскердің орнына жәбірленушіге қаржылай көмек көрсету. Алайда ақша бәріне бірдей тимейді. Тек ауыр және аса ауыр қылмыс құрбандарына қарастырылады. Заң авторлары олардың қатарына түрлі сипаттағы зорлық-зомбылық, денсаулығына зиян келтіру, Қылмыстық кодекстің бас аяғы 62 бабын енгізіпті. Ал өлім жағдайында мемлекеттік өтемақы марқұмның жақындарына төленеді. Бір реттік төлем мөлшері 68 мыңнан 136 мың теңге аралығында. Жоспар бойынша қор жұмысын 2020 жылы бастайды. Ал ақша келер жылдан бастап жиналмақ. Тағы айта кетерлігі - қорға бюджеттен ақша аударылмайды. Жәбірленушілерге материалдық шығынды жазасын өтеушілер түрмеде жүріп жұмыс істеген жалақысынан өтеуі керек.


Василий Олейник, Мәжіліс депутаты:


-Әдетте сотталушылардың құрбандарына өтемақы төлейтін ақшасы болмайды. Осындай жағдайларда көмекке мемлекет келеді. Ақша жинаудың бес көзі бар. Біріншісі сот шешімімен тағайындалатын міндетті өтемақы. Одан бөлек сотталушылардың түзету мекемелерінде істеген жұмысының ақысы осы қорға аударылады. 


ktk.kz




Көрілген: 207    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 09:08

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
14 Желтоқсан, 15:54
Соғымнан келген кесел

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31