Мәселе

Қазақстанда қыздарға некесіз бала тәрбиелегеннен сәбиін тастап кеткен оңай

  • Қазақстанда қыздарға некесіз бала тәрбиелегеннен сәбиін тастап кеткен оңай

    Қазақстанда қыздарға некесіз бала тәрбиелегеннен сәбиін тастап кеткен оңай

Таяуда eurasianet.org сайтында жарияланған «Қазақстан: Мораль сақшылары әйелдердердің әрекетін бақылағысы келеді» атты мақаланы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  қазақшаға аударып, ықшамдалған нұсқасын назарларңызға ұсынады.


Қазақстанда бірер жыл бұрын ұятмен атты жаңа кейіпкер пайда болды. Оны алматылық белгілі суретші-карикатурашы Мұрат Ділманов жасады.


Жақында ұятмендер Айжан Байзақованың Zakova түнгі клубында жасаған әрекетіне қарсы бас көтерді. Көп ұзамай 22 жастағы Айжан Байзақова үш күнге қамалды. Түнгі клубы жабылды.


Осыдан екі жыл бұрын да ұятмендер шуласқан еді. Ол кезде Астанадағы ер адам мен әйелдің мүсіні қызу талқыланды. Қала тұрғындары мүсінде әйелдің көкірегінің пішіні көрініп тұрғанына наразылық білдірген. Олардың арасында Талғат Шолтаев та бар. Ол қыздың денесін орамалмен жауып қойған болатын.


Талғат Шолтаев отандық телеарнаның біріне берген сұхбатында мүсіннің аналар мен әпке-қарыдастарды ұятқа қалдыратынын айтқан.


Сол кезде Ділманов мүсінді жапқан Талғат Шолтаевтың орамалына ұқсас шәліге оранып алған, толықша келген сатиралық кейіпкерді ойлап тапты.


- Қазақстанда ұяттың екі түрі бар: жасампаз және қирататын. Бірінші жағдайда – баланы дұрыс тәрбиелеу, ал екіншісінде – агрессия жатыр, — дейді Ділманов.


Ал әлеуметтік және саяси зерттеу орталығының президенті Гүлмира Илеуованың ойынша, Қазақстанда ұжымдық сана қалыптасқан қоғам бар. Онда ер адам басты әрі маңызды рольде. Әлеуметтанушының ойынша, елде мәдени идеологияны іздеу процесі жүріп жатыр.


- Қазақстанда қыздарға некеден тыс бала тәрбиелегеннен гөрі сәбиін дәретханаға тастап кеткен оңай. Осындай моральдық құндылық формасында екіншісі тәуірірек болып көрінеді, - дейді Гүлмира Илеуова.


Расында да, қазір туған баласын өз қолымен өлтіріп, дәретханаға батырып, қоқысқа тастап кеткен оқиғалар жиілеп кетті. Кәмелет жасқа толмағандардың жүкті болғанын да еститін болдық. Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығының дәрігері Нұрбол Аханов оның түп-тамыры қыз баланың қазақ қызына тән қылық танытпағандығының нәтижесі деп біледі.


- «Ер адам бұзылса, отбасы ойран болады. Егер әйел бұзылса, бүкіл халық ойран болады» деген сөз бар. Мұнда тек мәдени, моральдық құндылықтар ғана сөз болып тұрған жоқ. Ондай қыздарға оң мен солын танымаған кәмелет жасқа толмағандар қызығады, еліктейді. Осыдан жасанды түсік жасатқандар мен кәмелет жасқа толмағандар арасында бала көтергендердің саны артады. Сонымен қатар, ВИЧ секілді аурулар пайда болады, - дейді дәрігер.


Qamshy.kz




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31