Мәселе

Қазақстанда мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі

  • © Sputnik

    © Sputnik

Қазақстанда сәуірде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды, деп хабарлады tvk-uko.kz.


Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 800-ден асып кеткен ғибадатханалардың жай-күйі дін қызметкерлері, дін істері және құрылыс басқармаларының мамандары қатысқан кеңесте талқыланды. Олардың қаншасы заңды, қаншасы заңсыз салынғанын шенеуніктер әзірге анықтай алған жоқ.


Облыста соңғы үш жылда сегіз мешіт салуға рұқсат берілген, қалғаны заңсыз салынған, дейді сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері.


Қазақстанда биылғы жылдың сәуірінде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды. Енді мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі.


"Егер адам заңсыз ғибадатхана салса, ол оны өзі сүруі тиіс. Кейін ол жерге, құрылыс салуға қажетті рұқсаттарды алып, тиісті органға хабарлауға міндетті. Содан кейін құрылысты бастауға рұқсат етіледі", — дейді Түркістан облысы сәулет және құрылыс басқармасының басшысы Бақытбай Дүйсебеков.


Мешіт салу бастамасын көтеретін адамдардың біразы рұқсат алмайтындықтан, өңірде заңсыз тұрғызылған мешіттердің саны жыл санап артып жатыр. Салдарынан ауылдар мен округтердегі кейбір діни ғимараттар көбінесе бос қалады, дейді шенеуніктер.


"Облыста және Шымкентте 800-ден астам мешіт бар, көбісі бос қалып жатады. Оған адам санының жетпеуі немесе құрлыс нормасының сақталмауы себеп болады. Ол мешіттерге ешкім бармағандықтан, біз оны ғибадат бөлмесіне айналдырамыз", — дейді Түркістан облысы дін істер басқармасының басшысы Самат Сапарбаев.


Кездесу соңында шенеуніктер меценаттардан қандай да бір діни нысанды салар кезде заң нормаларын сақтауды өтінді.


Sputnik


 




Көрілген: 212    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.08.2018, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31