Мәселе

Қазақстанда педофилдер жаңа заң бойынша қалай кастрацияланады?

  • Қазақстанда педофилдер жаңа заң бойынша қалай кастрацияланады?

    Қазақстанда педофилдер жаңа заң бойынша қалай кастрацияланады?

ҚР Бас прокуратурасының өкілдері елімізде педофилдердің қалай кастрацияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы 2018 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енгенін еске сала кетейік. Химиялық кастрациялау тек соттың үкімімен сот-психиатриялық сараптаманың қортындысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарына бейім деп танылған тұлғаларға ғана қолданылатын болады", - делінген Бас прокуратураның түсініктемесінде. Сондай-ақ, андрогенді дәрі инъекциялары бас бостандығын айырылған азаматтарға жазасын өтеу мекемелерінде, ал өзге жаза түрлеріне сотталғандарға - денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылатыны айтылады. "9 қаңтар 2018 жыл, Астана қ. Бүгін Бас прокуратурада химиялық кастрациялауды жүргізу туралы заңнамалық толықтырулардың қолдану және қылмыстық-атқару жүйесі мен денсаулық сақтау қызметтерінің аталған процедураны жүргізуге әзірлігінің жай-күйі туралы мәселе бойынша ведомствоаралық жиын өтті. Жиын жұмысына Жоғарғы Соттың, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ішкі істер, оның ішінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мүшелері, сондай-ақ Бас прокуратураның орталық аппаратының қызметкерлері қатысты", - дейді прокуратура өкілдері. Бұл жиында мемлекеттік орган өкілдері химиялық кастрациялау процедураларын жүзеге асыруға дайын екеніндігін мәлімдепті. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

 




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.01.2018, 00:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31