Мәселе

Қазақстанды бүкіл әлемге "паш еткен" Борат Астанаға келуі мүмкін

  • © AP Photo / Chris Carlson

    © AP Photo / Chris Carlson

Қазақстандық Айнұр Нүсіпбекова елімізде туризмді дамыту үшін әйгілі британдық комик Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды немесе қалалардың бірінде оның ескерткішін орнатуды ұсынды.


Тourcenter.kz порталының негізін қалаушы Айнұр Нүсіпбекова бұл ұсынысымен әлеуметтік желіде бөліскен.


"Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан қазір өзін әлемге таныту үшін белсенді әрекет етуде, сол үшін арнайы Kazakh туризм ұйымы құрылып, елімізге туристтерді тартумен айналысып жатыр. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанның басты проблемасы туристтерді өзіне тарта алмауы ғана емес, жалпы көп жерлерде бізді ел ретінде ешкімнің танымауы болып табылады!", — деп жазады қазақстандық.


Нүсіпбекованың айтуынша, шетелдіктердің басым көпшілігі Қазақстан десе, Боратты еске түсіріп, бірден тани кетеді. Сол себепті ол Борат есімді кейіпкерді сомдаған актер Саша Коэнді Қазақстанға шақыруды ұсынады.



"…Қара пиар деген де пиар. Ол бір ғана фильммен біздің еліміз миллиардтап қаражат жұмсап жатқан жетістікке жетті!", — деп санайды Айнұр Нүсіпбекова.


Ол Боратпен хабарласып, Астанада қыдыртып, біраз шу шығаруға болатынын жоққа шығармайды.


"Бәлкім бірігіп әзіл-ысқақ фильм түсіруге келісуге болатын шығар. Сюжеті бойынша, Борат болашаққа, қазіргі Астанаға келіп, неше түрлі қызықтар көрсетіп, елордамыздың жаңа келбетіне таңғалып жатса… Осы идеяны әрі қарай дамытып, жетілдіруге болады. Дегенмен осы Борат арқылы елімізге керек танымалдыққа қол жеткізіп, қыруар ақша үнемдей аламыз. Мені қатты сынға алмассыздар, айта кетейін: Қарағандыда ма, бір қалада Боратқа арнап ескерткіш орнатып, туристтерді сонда апаруға болады", — деп ойын ортаға салды қазақстандық.


Sputnik


 


 


 




Көрілген: 1184    Пікірлер: 1

сейсенбі, 27.02.2018, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31