Мәселе

Қазақстандық актрисаның қазасы: іс сотқа берілді

  • © Nur.kz

    © Nur.kz

Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы белгілі қазақстандық актриса Шолпан Елгезекованың өмірін жалмаған жол апатын жасады деген күдікпен ұсталған Ілияс Кардың ісін сотқа тапсырды.


Отыз үш жастағы Алматы қаласының тұрғыны Ілияс Қар жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды деп айыпталып жатыр, екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш адам көз жұмып, тағы біреуі жарақат алды.


"Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу прокуроры тағайындалып, толық және объективті тергеу жүргізілді", — деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.


Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 29 желтоқсанында Абай-Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болды.


Әлеуметтік желілерде таралған апаттың видеосына сәйкес, G-класты Mercedes-Benz автокөлігін тізгіндеген жүргізуші жоғары жылдамдықпен бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жатқызылды.


Кейінірек апаттан қаза тапқандардың бірі белгілі қазақстандық актриса Шолпан Елгезекова болғаны анықталды.


Жол-көлік оқиғасына кінәлі полиция қызметкерлері келгенше қашып кеткен. Ол келесі күні ғана ұсталды. Медициналық сараптама көрсеткендей, қайғылы оқиға кезінде жол талғамайтын көлікті басқарған 33 жастағы Ілияс Кар мас болған.


Sputnik


 




Көрілген: 291    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.01.2019, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 21:05
    Лашықтағы өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28