Мәселе

Қазақстандық жігіттер неліктен әйелінің көзіне шөп салатынын айтты

  • Көрнекі фото:

    Көрнекі фото: "Комсомольская правда" газеті

Отбасылы ер адамдардың жүріс жасауы бүгінгі күні өзекті мәселеге айналды. Күйеуінің өзге қыздарға көз салуына әйелдерінің кінәсі бар ма әлде "басқа әйелдерге бармайтын еркек болмайды" деген "тұжырым" рас па? Бұл сұрақтарға қазақстандық ерлердің өзі жауап берді деп жазады comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


"Өзге әйелмен жыныстық қатынасқа түсуді көзге шөп салу деп санамаймын. Жүріс жасау - бұл сатқындық деп саналады ғой, мәселен, отаныңды сатып кету деген сияқты ұғымдарға қолдануға болады.


Ал мен өз әйелімді сатқан жоқпын. Әйелім - менің досым, жолдасым, бауырым сияқты. Мен онымен сонау әскерден келген жылдардан бастап біргемін. Ол кезде әйелім педагогикалық училищені бітірген. Түрлі қиындықтарды бірге өткердік.


Бірақ, көңілдестерім көп болды. Әсіресе, ақшалы болып, үлкен жетістіктерге жеткен кездері. Достарыммен күн-түн демей саунаға барып, демалғанды жақсы көретінмін. Қыздар да болды. Қай жерге іссапарға барсам да, сол маңда үнемі барып тұратын "әйелім" болатын. Ондай әйелдердің санында шек жоқ еді.


Себебі, әртүрлі әйелдермен төсектес болу ұнайды. Бірақ, тұрақты көңілдес, тоқал деген менде жоқ. Ешқашан болмайды да. Әйелімді еш уақытта сатпаймын. Сондықтан, оның менің көңілдестерім туралы білуіне жол бере алмаймын. Себебі, әйеліме үлкен құрметпен қараймын. Ал үнемі бір әйелмен ғана төсектес болу маған қиындау", - дейді 44 жастағы Нұрлан есімді кәсіпкер.


Ал 22 жастағы Андрей жүріс жасамайтын ер адамның болмайтынына сенімді.


"Мен қазір сіздерге көңіл-күйіңіздің быт-шытын шығаратын бір шындықты айтайын. Әйелінің көзіне шөп салмайтын ер адам болмайды. Бәрі жүріс жасайды. Қазір болмаса да, кейін басқа әйелдерге баратын болады. Менің таныстарымның ішінде өзгеге көз салмайтын еркек жоқ. Себебі, бұл біздің қанымызда бар нәрсе", - дейді ол.


Жасы отызға келген Диас болса, ер адамдарда екі әйел болуы керек деген ойда.


"Ер адамның екі әйелі болуы керек деп ойлаймын. Кейде екі әйелге рұқсат етілетін елде тұрмағаныма өкінемін. Қазір менің әйелім үй қызметшісі сияқты. Тамақ жасап, үй жинайды, балаларға қарайды. Оған кейде дауыс көтере саламын. Ал көңілдес деген көңіл үшін. Екі жыл бойы көңілдесіме барып, уақытымды керемет өткіземін. Бірнеше аптада бір барамын. Ол мені қатты сағынып, мен үшін бәрін жасайды. Әдемі, белсенді. Ал әйелім болса, тіпті үшінші баладан соң өзін қалпына келтіре алмай әлек. Өзін дамыту туралы айтпай-ақ қойса да болады. Кейде көңілдесімнің алдында ұяламын. Қолымнан келсе, оған да үйленер едім", - дейді Диас.


Ал Сұлтан есімді 55 жастағы әскери зейнеткер болса, әйелінің көзіне өміріндк бір-ақ рет шөп салған соң, екінші рет ондай қадамға бармағанын айтады. Себебі, ол бұл қылығына қатты ұялып, өмір бойы оған адал болып келгенін жеткізді. 




Көрілген: 811    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.10.2018, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30