Мәселе

Қазақстандық қыздар видео түсіріп, "ұятмендерге" жауап берді

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

Қазақстандық қыздар "Мен қазақ қызымын" жобасына қатысып, "Закова" түнгі клубында болған жайттан кейін "қыздардың тәртібі туралы" сөз қозғаған жігіттерге жауап берді.


"Қыздар шын өмірде қандай екендерін өздері айтып берді. Қазіргі қазақ қыздары тұрақтағы жігіттер айтқандай емес. Бұл видео қазақстандық қыз бейнесін әр қырынан көрсетеді", — дейді ролик авторы тілші Дана Круглова.



Сонымен бірге, ол ниет білдірушілерден өздері жайында видео түсіріп, әлеуметтік желіде #yakazakhstanskayadevushka және #yakazakhskayadevushka хэштегтерімен жариялауды сұрады.


Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 желтоқсанында Байзақова түнгі клубта қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған болатын. Осы қылығы үшін Instagram жұлдызы үш тәулік қамауда отырып шықты.


Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.


Келесі күні "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаевтың парақшасында оннан астам жігіттің қыздардың тәртібін сынға алғаны түсірілген видео жарияланды.


Sputnik


 


 




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 09:48

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30