Мәселе

Қазақстандық полицейлер ата-аналар мен оқушыларға үндеу жолдады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ұстаздарға, оқушылар мен олардың ата-аналарына үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әкімшілік полиция қызметкерлері жол және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, жаяу жүргінші өтпелерінің қажетті жол белгілерімен, жол таңбасымен, жаяу жүргінші қоршауларымен және басқа да жол жүрісін реттейтін техникалық құралдармен жабдықталуын тексеріп жатыр.


Әсіресе, жалпы білім беретін мекемелерге жақын аумақтар ерекше бақылауда. Тексеру нәтижесі бойынша орын алған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті ұйымдарға нұсқамалар жолданған.


«Сонымен бірге, Әкімшілік полиция комитеті педагогтарға, оқушылар мен олардың ата-аналарына ескертеді. Жол жүрісін ұйымдастыру бойынша ескертулеріңіз, ұсыныстарыңыз, балалар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты басқа да маңызды мәселелер болса, ведомствоның сайты арқылы тікелей аумақтық ішкі істер органдарына немесе Фейсбуктегі парақша арқылы ІІМ ӘПК-ге жолдай аласыздар» делінген хабарламада.


Жолданған ұсыныс-тілек, мәселелер қаралып, тиісті шаралар қабылданады.


 




Көрілген: 205    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.08.2018, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31