Мәселе

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде еуропалық алаяқтарға алдануда

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қостанай облыстық Ішкі істер департаменті азаматтарды Еуропада кеңінен тараған интернет-алаяқтық туралы ескертті. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар да бар. Атап өтілгендей, алаяқтар LinkedIn кәсіби әлеуметтік желісін пайдаланады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Алаяқтар компания басшылары туралы ақпарат жинап, тіпті байланыс нөмірлерін анықтап, олардың атынан қарамағындағы қызметкерлерге хат жолдайтыны белгілі болды.


Қостанай облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел өкілі Айдар Мусиннің айтуынша, осындай хаттар көбіне компанияның қаржы немесе бас директорының жасанды электрондық поштасынан оның қаржы бөліміне жолданады. Хат мәтінінде басшының белгілі бір қаражат сомасын аталған шотқа аудару талабы жазылады. Іс жүзінде алаяқтар түпнұсқа электрондық поштаға ұқсас поштаны бір әріп немесе белгісін өзгертіп құрады.


«Алаяқтықтың бұл түрі CEO fraud деп аталады. Қылмыскерлер әлеуметтік психологияға негізделген техниканы пайдаланады. Адамдар оған алданып, аталған шотқа ақша аударып тұрады. Хаттың мәтіні қандай да бір фирманың стандарттарына барынша ұқсас болуы үшін алаяқтар компанияның баспасөз парақшаларын белсенді оқып, қызмет саласын танып алады», - деп атап өтті полиция капитаны.


Қылмыскерлер LinkedIn кәсіби желісін пайдаланады. Себебі онда тіркелу оңай. Онымен қоса, Facebook немесе Twitter-ге қарағанда, адамдар LinkedIn арқылы кәсіби байланыстарды құрады, жұмыс іздейді.


Тәртіп сақшылары азаматтарға қырағылық танытып, жұмыс беруші туралы ақпаратты барынша мұқият тексеруді, бейтаныс адамдардың шоттарына ақша жібермеуді, кадрлар бөлімінің мамандарымен жеке сөйлесуді кеңес етеді.


Егер сіз немесе жақындарыңыз киберқылмыскерлердің әрекетінен зиян көрсеңіз, полицияның 102 нөміріне шұғыл хабарласқан жөн.


 




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 21:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31