Мәселе

Қазақстандықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 70 млрд теңгеге жуық қаржы аударды

  • Қазақстандықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 70 млрд теңгеге жуық қаржы аударды

    Қазақстандықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 70 млрд теңгеге жуық қаржы аударды

Қазіргі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 69,5 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Елена Бахмутова хабарлады.

"Бұл қаражат 5 млн 758 мың 58 адамның атына аударылған. Бұл біздің медициналық сақтандыру жұйесімен қамтылған азаматтар. Қаржы Ұлттық банктегі есеп-шотта жинақталып жатыр ", – деді Елена Бахмутова.

Айтуынша, Ұлттық банк қордың қаражатын сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан кейін тәуекелі аз, өтеу қабілеті жоғары деген құнды қағаздарға инвестициялайды.

Естеріңізге сала кетсек, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы мекеме табылады. Қор 2018 жылдан бастап ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық көмекті сатып алумен айналыса бастаған болатын.


 




Көрілген: 293    Пікірлер: 0

сенбі, 26.05.2018, 00:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30