Мәселе

Қазақстандықтар жұмадан сенбіге қараған түні ғасырда бір-ақ рет болатын «қанды ай» құбылысын бақылай алады

  • © Алау

    © Алау

Қазақстан халқы жұмадан сенбіге қараған түні ғасырда бір-ақ рет болатын «қанды ай» құбылысын бақылай алады. Айрықша процесс бес сағатқа дейін созылады.


Ал сағат екілер шамасында Ай қызыл түске енеді, дейді солтүстік қазақстандық обсерваторияның профессоры Андрей Солодовник.


Тәжірибелі астрофизиктің айтуынша, бұл уақытта Ай Жер ғаламшары түсірген көлеңкенің дәл ортасынан өтеді.


Әдетте Күн мен Айдың тұтылуы жылына екі рет қайталанады. Алайда, Айдың жер шарының дәл орта белінен өтуі жүзжылдықта бір рет болатын құбылыс екенін айтты.


Соңғы рет аспан денелерінің осылай бір сызықпен тізілуі 20-ғасырдың басында байқалған.


Айта кету керек, шілденің 27-і күні «қанды аймен» қатар Ай мен Марс планетасы бір сызықтың бойында тұрмақ. Бұл процесс соңғы рет бірнеше мың жыл бұрын, пирамидалардың құрылысы кезінде болған деседі.


Андрей Солодовник, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, астрофизика ғылымдарының доценті:


- Айдың бұл жолғы тұтылуы халық арасында «қанды» деп аталып кеткен. Бірақ, шын мәнінде, оның түсі қызғылт-сары немесе қоңырлау болмақ. Жердің көлеңкесі айды түгел жауып тастайды. Ал атмосферадан өткен күн сәулелері қызыл түске айналып, айдың жан-жағына түсіп тұрады. Бұл құбылыс Африка және Еуразия материгінің жартысында анық көрінетін болады.


astanatv.kz


 




Көрілген: 1547    Пікірлер: 0

жұма, 27.07.2018, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31