Мәселе

Қазақстандықтар қайтыс болған туысының зейнетақысын алып келген – Прокуратура

  • Қазақстандықтар қайтыс болған туысының зейнетақысын алып келген – Прокуратура

    Қазақстандықтар қайтыс болған туысының зейнетақысын алып келген – Прокуратура

Ақтөбеде прокуратура қайтыс болған туыстарының зейнетақыларын иеленгендерге қатысты алдын алу шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратура аппаратының жетекшісі Жасұлан Дәулембаев Facebook парақшасында жазды.


«Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы филиалының ұсынысы бойынша жыл сайын ішкі істер органдарына қайтыс болған зейнеткерлердің зейнетақысын пайдалану дерегі бойынша шамамен 200 іс тексеріледі. Корпорациядағылар зейнеткердің қайтыс болғаны туралы мәліметті тек әділет органдарына тіркелгеннен кейін ғана біледі. Ал осы аралықта қайтыс болған адамдардың туыстары аударылған ақшаларды алып тұрған. Енді ішкі істер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының филиалы қайтыс болған адамдарға негізсіз аударылып жатқан зейнетақы төлемдері фактілерін болдырмау үшін апта сайын тексеріс жүргізуде. Яғни, мұндай іс сотқа дейінгі өндіріске алынбай, қайтыс болған зейнеткерлердің туыстары қылмыстық қудалауға тартылмайды», - деп жазды ол. 




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.12.2017, 17:52

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30