Мәселе

Қазақстандықтар “САЙҚАЛ” статистикадан шаршады

  • Қазақстандықтар “САЙҚАЛ” статистикадан шаршады

    Қазақстандықтар “САЙҚАЛ” статистикадан шаршады

Əлеуметтік желіде жарияланған осындай тақырыптағы мақала қазақтілді аудиторияның арасында қызу талқыға түсті. Əсіресе «елімізде орташа жалақы 170 мың теңгеге жетті» деген сарындағы жаңалықтар тұрғындардың шамбайына тигендей. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


«Теледидарды қоссам, газет-журнал ақтарсам бəрі жақсы, бəрі тамаша. Жалақы ертегідегі "Ер Төстікке" ұқсап өсіп жатыр дегенді естуден жалықтым». Бұл «Сайқал статистика» мақаласының авторы Əбілсерік Əлиақпардың пікірі. Журналист орташа жалақы 160-170 мыңның төңірегінде деген ақпаратты көргенде миығынан күліп таң қалатынын жасырмады. Себебі, мұндай жаңалыққа өзі тұрмақ, көрші-қолаң, ағайын-туыстың да сенбейтініне көзі жеткен.


ƏБІЛСЕРІК ƏЛИАҚПАР, ЖУРНАЛИСТ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:


«Статистика деген мемлекеттің өте осал тұсы. Біз статистикадан ұтылмауымыз керек.10 адам миллион алады дейік, 5 адам он миллионнан алады дейік. Міне, солардың ақшасын шашып жібергенде жаңағы 28 мың алып жүргендердің жалақысы 170 мыңға айналып шыға келеді».


«Қарапайым тілмен түсіндіріп айту керек. Осылай-осылай деп. Халыққа керек емес ВВП не болып жатыр, қай жерде қалай болып жатыр».


Депутат Бахтияр Мəкеннің пікірінше, жалпы ішкі өнім, орташа жалақы коэффициенті, пайыздық мөлшерлеме сияқты терминдерді азаматтарға айтып қажет емес. Ал елдегі орташа жалақыға келер болсақ «оның қатып қалған нақты сомасы болуы міндетті емес» - дейді.


БАХТИЯР МƏКЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МƏЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


«Қайта қарастыру керек шығар. Бұл жерде басқа технологиялар бар ғой. Батыс мемлекеттерінде, басқа жерлерде есептеу мөлшерін тең түрде қарамайды. Оның арнайы бір механизмдері бар, тітіктері бар. Оны тиісті экономикалық сарапшылар қарау керек те бір мөлшерге алып келу керек. Мысалы орташа жалақыны 165-тен бастап, 350-ге дейін бе деген сияқты. Соның ортасындағы орташа коэффициентін табу мүмкіндігін дұрыс ақпарат беру керек».


«Иə, жалпы ішкі өнім, субвенция, трансферт сияқты күрделі экономикалық терминдердің халыққа қажеті бар ма? Əлде ол түсініктерді барынша қарапайым етіп жеткізу керек пе? Міне осыны білмек болып көшеге шықтық. Қазір елорда тұрғындарынан сұрап көреміз».


«Күрделендіріп түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын өз басым».


«Кейбір терминдерді өз қалпында қалдырып, кейбірін халыққа телевидение саласында халыққа ашып түсіндірген дұрыс деп ойлаймын».


«Элементарно жақын арада күлкілі болды ғой. Орташа жылдық есеппен отбасыға шаққандағы зарплата оказывается 500 мың екендігі. Оның бəрін адам түсіну керек қой. Егер де бізге түсіндірсе сандардың, бағалардың қайдан шығып жатқанын халықтың кішкене болсын көзі ашылып иə-иə, жоқ-жоқ дегендей».


Жалақы дегеннен шығады, жақында «HeadHunter» сайтының сарапшылары биылғы жылдың бірінші айында Астана тұрғындары қандай жалақысы алғысы келетінін есептеп шығыпты.


Сонымен, түйіндемелер мен талаптарды ескере отырып елордалықтардың 10 пайыздан астамы 85 мың мен 114 мың теңге аралығында еңбекақы алғысы келеді екен. Тұрғындардың 28 пайызға жуығы болса ай сайын қызметіне қарай 114 мыңнан 171 мыңға дейін тапқысы бар. Ал астаналықтардың 19 пайызға жуығы ыңғайы келсе 30 күнде бір 171 мыңнан бастап 230 мыңға дейін жалақыға риза боламыз депті.


10.36 % - 85 500 - 114 400 тг 27.93 % - 114 400 - 171 600 тг 19.42 % - 171 600 - 228 800 тг


Армандаған жақсы, "дегенмен қазақстандықтардың дені неліктен жоғары жалақы алмайды?" - деген сауалды Жанарыс Сабырұлына қойып көрдік. Экономист маман былай дейді:


ЖАНАРЫС САБЫРҰЛЫ, ЭКОНОМИСТ:


«Бұл ұлттық байлықтың дұрыс бөлінбеуінің салдары деп айтуға болады экономикалық тұрғыдан. Себебі, статистикаға келетін болсақ 2018 жылдың ең көп жалақы тау-кен өндірісінің директорында 13,2 миллион теңге 1 айда алға жалақы. Ал ең төменгі жалақы 16 мың теңге ол білім саласындағы еден сыпырушының жалақысы. Айырмашылығы 850 есе».


Материалды əзірлеу барысында бір түсінгенім, тұрғындардың арыз-талабы мынау: "Нарықтағы бағаға сай жалақы алу жəне жауапты органдардың елде жоқ еңбекақыны көрсетіп, республика бойынша орташа көрсеткіш осы деп түсіндіруін қойса" - дейді.


kaz.caravan.kz




Көрілген: 282    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 21:05
    Лашықтағы өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28