Мәселе

Қазақстаннан кеткен жоғары білімді мамандар саны рекордқа жетті

  • Қазақстаннан кеткен жоғары білімді мамандар саны рекордқа жетті

    Қазақстаннан кеткен жоғары білімді мамандар саны рекордқа жетті

Қазақстаннан кетіп жатқан білікті мамандар саны артты. Өткен жылы жоғары білім алған эмигранттар саны рекордқа жетті. Егер бұрынғы жылдары шетелге қала тұрғындары кетсе, соңғы жылдары ауыл жастары кете бастады.Бұл туралы 31 арна хабарлады.


Қазақстаннан 38 мың адам кетті.


Бизнес-сарапшы Ирина Белова соңғы уақыттары шетелге кетуді ойлап жүр. Оның ойынша, шетелде жұмыс та табылады, жағдайы да жақсы. Ол жақта балалар да сапалы білім ала алады, дейді Ирина.


«Шындығын айтса қазақстандық диплом тек Қазақстанға ғана жарамды. Егер біз басқа елдерде жұмыс істеу мүмкіндігі туралы айтатын болсақ, оны көбінесе растау қажет», – дейді Ирина Белова.Өткен жылы Қазақстаннан 38 мың адам кеткен. Олардың жартысынан көбі жоғары білімді мамандар. Бұл көрсеткішті 2015 жылмен салысытрғанда 17 пайызға артқан.


«Көбіне шетелге техникалық мамандар кеткен – 6,6 мың адам, экономика мамандары – 3,6 мың, педагогикалық – 2,6 мың адам», – дейді Finprom.kz сарапшысы Азамат Қасымбек.


Егер ел азаматтары жылда осындай мөлшерде кететін болса Қазақстанда бірнеше жылдан кейін мамандар тапшылығы болады. Бос жұмыс орындары толады. Дегенмен, олардың орнын бәсекеге қабілетсіз мамандар басатын болады. Басқаша айтқанда сапалы мамандар кетіп, сапасыздары қалады. Ең қорқыныштысы – халықты кім емдейді, кім оқытады, кім дамытады?«Әрине төлем жүйесін өзгерту қажет. Адам қабілетіне, білімне қарай келу керке. Біреудің туысы болып емес»,- дейді саясаттанушы Толғанай Үмбеталиева.


Елін тастап кетушілердің көпшілігі шетелге барғысы келгеннен емес мәжбүр болғандықтан кетеді. Олар елді жемқорлық жайлап алғанындықтан дамудың жоқтығын сезгеннен осындай шешімге барады. 




Көрілген: 850    Пікірлер: 1

жұма, 16.02.2018, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30