Қазақы есімдерді қатесіз жазуға арнайы заң қажет пе?

Қазақы есімдерді қатесіз жазуға арнайы заң қажет пе?

Халқымызда «балаға қандай ат қойылса оның келешегі соған байланысты болады» деген наным бар. Әрине халық айтса қалт айтпайтыны белгілі. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатындығын кім білген, алайда «атына заты сай» деген де бар емес пе? Мұны психологтар да қос қолдап қолдайды. Мамандар адамның аты оның өміріне тікелей әсер ететіндіктен мағыналы есім қойған жөн дейді. Жаһанданудың жалына жармасқан кезеңде шүкір есімдеріміз де ерекшеленіп, жаңаша сипат ала бастады.
Бұрындары тілдің, көздің сұғынан сақтанып Сасықбай, Итемген, Жаманқұл деп әдейі ырымдап жиіркенішті есім қоя салатын дәстүр бүгінгіге жүрмейді... Бүгінде балаға біртүрлі ат қойылса да таң қалмайтын болдық. Осы ретте есімі ел аузында жүрген өнер жұлдыздарының балаларына қойған аттары сәнге айналды бүгінде. Расында кімге еліктерін білмей еліріп жүрген жастарымыздың өзгенің қаңсығын таңсық көрмей қазақи есімдерге ден қоя бастағаны қуантады. Ең алдымен Мақпал Жүнісованың қызына Мерей деп ат қойғаны осы есімге деген ерекше қызығушылық туғызғаны рас. Бүгінде еліміздің әр түкпірінде Мерейлеріміз бой жетіп келеді. Статистиктердің айтуынша бүгінде елімізде Индира Гандидің 10 мыңнан астам аттасы бар көрінеді. Теңіз асып, тау асып әзер жететін Индияның Индирасының қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны тағы да рас. Оның қасында патша болып ел басқармаса да Мерейлеріміз мерейімізді өсіріп жүрсе қанекей? Хош сонымен халқымыздың сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев қызына Кәусар деп ат қойғанда бұрын соңды мұндай атты естімегендей таң қалғандар көп болды. Артынша Кәусар есімін жаңадан дүние есігін ашқан сәбиіне қоятындар қаптап кетті. Тіпті оны егіздерге де ұйқастырып қойғандар бар, Қайсар-Кәусар деп. Мейрамбектің тек өнерде ғана, емес, өмірде де өзгелерге үлгі болғаны қатты сүйсінтті. Артынша «тойдың королі» деген атты иеленіп, қазақы тойдан өзге ұлттың әндерін «түре қуып» шыққан Заттыбек Көпбосынұлының көптен күткен перзенті дүниеге келгенде «қандай есім берер екен?» деп елеңдей күткендер көп болды. Қазақтың қалың қаймағы қоныстанған өңірден шыққан Зәкең де қамшы салдырмады. «Абайдың әжесі Зеренің тағылымды өнегесін тарихтан оқып өстік қой. Сол себептен алдына ай деген қосымшасын қосып Айзере деп атауды жөн көрдім» депті Зәкең бір сұхбатында. Бұл есім де көптің көңілінен шыққан болуы керек. Бүгінде Айзерелер де көбейіп келеді... Алтынай Жорабаеваның да ат таңдауда асығы алшысынан түсіп тұр деуге болады. Төрт қызына есім беруде ерекшелікке бас мән бергені аса байқалады. Аяулым, Айнара, Семанұр және Көркем. Әрқайсының да өзіндік ерекшелігі бары анық. Мұндай есімді иеленген сәбилеріміз аз емес, әрине. Сондай-ақ сыршыл әндерімен тыңдарманның жүрегін жаулап алған Роза Әлқожаның балаларының есімі нағыз ұлттық нақышта дер едік. Бейбарыс, Ақбота, Жанарыс, Еларыс есімді таңдауында қателеспеген дер едік... Расында бүгінде өнер жұлдыздарын идеал тұтатындар аз емес. Олардың әрбір ісін қалт жібермей қадағалап, пір тұтатын жастарымыз көп. Олар да пенде ғой, кемшіліктерін былай қойып, осындай көпке үлгі болатын жақтарын құптайтынымыз рас енді. Көпшіліктің көзайымына айналған Қайрат Нұртастың «қошақандарына» қандай есім таңдар екен деп елеңдейтіндер аз емес. Алайда отбасылық өмірін өте құпия ұстайтын әнші жігітіміздің перзенттеріне қандай ат таңдағанын жұртқа жария етіп, сүйінші сұрай қоюы екіталай-ау. Егер де ол да қазақы мағынасы бар әдемі есім таңдаса оны да іліп әкетуге құмбылдар жетіп артылары сөзсіз...
Хош сонымен, ат таңдауда жаңылыспай қазақылығымызды сақтап қалсақ дегендік қой біздікі. Әйтпесе таң қалмаңыздың заманында бүкіләлемдік дағдарыс кезеңінде Дағдарыс деген ат қойған қандасымызды көріп, «е, е» дедік те қойдық. Одан беріде Миллениум, Саммит, Азиадалар да тәй-тәй басып қалды. Бен Ладен мен Саддам Хусейн де бар арамызда...
Ғалымдар өткен ғасырдан бері адам мен оның атының арасындағы байланысты зерттеуді қолға алғаны белгілі. Адам есімдерін зерттейтін ғылымға антропонимика деп ат қойып, айдар тақты. Осы ғылым саласында тер төгіп жүрген ғалымдардың айтуынша әдемі есім берілген сәбидің тағдыры да атына байланысты жақсы болатын көрінеді...
Бір қызығы туылған балаға құжат беретін АХАЖ бөлімінің мамандары адам есімдерін қатесіз жазуда басшылыққа алатын ешқандай заңдық құжат жоқ екенін алға тартып отыр. Тіпті кеңестік кезеңде де ондай құжат болмаған көрінеді. Амал жоқ 2009 жылға дейін Телқожа Жанұзақовтың адам есімдеріне байланысты еңбегін пайдаланып келген. Өткен жылы Асқар Смағұловтың қазақ аттарының тізімі бар кітабы шыққан. АХАЖ-дағылар бейресми құжат әрі қазақ есімдерінің толық базасы ретінде сол кітапты басшылыққа алатындарын алға тартып отыр. Бұл қазақ есімдерін қатесіз жазуда таптырмайтын құрал болып тұр. Негізінде адам аттарын дұрыс жазу үшін қандай да бір заң талаптарының болуы қажет-ақ, Әйтпесе тіл мамандарының айтқанындай Әйгерім деген есімді 18 түрлі етіп жазып (қате жазып) жүрмейік дегеніміз ғой... Ат қою мәселесінде «модаға» қарап емес, оның заманауилығы мен қоса қазақилығы алға шығуы шарт, әрине...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста