Мәселе

Қазгидромет: еліміздің төрт облысы мен Алматыда су басу қаупі бар

  • Қазгидромет: еліміздің төрт облысы мен Алматыда су басу қаупі бар

    Қазгидромет: еліміздің төрт облысы мен Алматыда су басу қаупі бар

"Қазгидромет" ескерткендей, Жамбыл облысында қатты жел соғады. Дауыл ықтималдығы 90%.


Қар еруіне байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 наурызда ауа температурасының күндіз жылынуына байланысты және Шығыс Қазақстанның аласа таулы аймақтарында жауын-шашын түсуіне орай ағын су пайда болуы мүмкін.


"11-12 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы қаласының аласа таулы аймақтарындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су басу қаупі туындап, таудан және жергілікті өңірде ағын су жинақталуы мүмкін", — делінген хабарламада.


Сонымен қатар, 10-11 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с, 10 наурызда күндіз, 11 наурызда күні бойы облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асады.


Дауыл ықтималдығы 90%.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

сенбі, 10.03.2018, 14:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30