Мәселе

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматыдағы өндірістік филиалында алматылықтардың газға төлейтін төлемдеріне қатысы түсініктеме берілді

  • «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматыдағы өндірістік филиалында алматылықтардың газға төлейтін төлемдеріне қатысы түсініктеме берілді

    «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматыдағы өндірістік филиалында алматылықтардың газға төлейтін төлемдеріне қатысы түсініктеме берілді

Қазіргі таңда Алматыда 403 мыңнан астам тұрмыстық тұтынушы табиғи газды пайдаланып отыр. Абоненттердің бір бөлігінде газды есептейтін құрылғы орнатылған (жер үйде тұратындар), ал қалғандары Алматы қаласының Әкімдігі бекіткен газды қолдану мөлшеріне қарай төлейді, айталық, ас әзірлеу үшін айына бір адамға – 10 м³, жылыту үшін орталық жылыту жүйесіне қосылмаған жағдайда 1 м²-қа 7м³.

Жыл сайын тұтынушылардың белгілі бір бөлігінің жекелеген есептеу құрылғыларының пайдалану мерзімі аяқталады. Сонымен биыл  есептеу құрылғыларының пайдалану мерзімі бітуге таяған және уақыттары аяқталған тұтынушылар төлем шоттарын нормативке сәйкес алды. Бүгінгі таңда осы абоненттік база бойынша 12025 дербес шот елерінің газ есептеу құрылғыларының пайдалану мерзімі аяқталған: 5593 д/ш – жекелеген есепеу құралдарын ауыстыру қажет, 6432 д/ш – жекелеген есептеу құралдарын тексеру қажет. Есептеу құралдарын тексертуге 700 абонент (5,8 пайыз) қана өтініш жазған. 


Газ есептеу құрылғыларын тексеру қажеттілігі туралы ескерту тұсынушыларға 2018 жылдың маусым айынан бастап жіберілді. Тұтынушылар тарапынан немқұрайлылық болғандықтан есептеу құрылғылары тексерілмеген абоненттер немесе есептеу құрылғыларының мерзімі өтіп кеткен абоненттер саны өсті. Төмендегі кестеде көрсетілген.



«Вечерний Алматы» газетінің 30.04.2016 санында жарияланған Тұрмыстық тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету туралы Келісімшартының 11 тарау, 4 бөліміне сәйкес, «тұрмыстық тұтынушы газ есептеу құралдарының сақталуына, бүтіндігіне, техникалық жағдайына және пломбалараның бүтіндігіне жауапты».

Жекелеген газ есептеу құралдарын уақытылы тексеру тұтынушының міндеті болып саналады. Алайда дебиторлық қарыз жиналып қалмау үшін газ пайдалану мөлшері көрсетілген квитанция жекелеген есептеу құрылғысының мерзімінің аяқталуынан 2 ай бұрын абоненттерге жолданады, онда есептеу құрылғыларын тексеру ескертіледі. Сондай-ақ бұл ақпаратты әркім "АЛСЕКО" АҚ мобильді қосымшасы арқылы да ала алады.

«Тұтынушы газдың есептеуіш құрылғысын тексеруге міндетті. Әдетте тұтынушылар тіпті ескерту қағаздарына да мән бермейді. Егер олар ескертуді жыл мезгілінің жылы кезінде алса, саспастан адам басына норматив бойынша 10 м³ төлеп жүре береді. Бұл мысалы, бір үйде екі адам тұрса, шамамен 700 теңге. Ал суық түскен кезде ас әзірлеу нормативінен бөлек жылыту нормативіне де төлеу керек. Ал жылыту нормативі 1 м²-қа 7м³. Егер тұтынушы көлемі 100 м² үйде тұрса, норматив бойынша 12400 теңге шығады. Квитанциядан жаздағы 700 теңгенің орнына 12400 теңгені көргенде тұтынушылар бірден Алматы төлем орталығында орналасқан ХҚО-на жүгіреді. Егер мамыр айынан бері ескерту алғандар 12 мыңнан астам тұтынушы десек, онда жылыту маусымы басталғалы қанша адамның ХҚО-на сабылғанын елестетуге болады» – дейді Алматы өндірістік филиалындағылар.

«Вечерний Алматы» газетінің 30.04.2016 санында жарияланған Тұрмыстық тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету туралы Келісімшартының 17 тарауында көрсетілгендей, тұрмыстық тұтынушы газ есептеуіш құралдарының пайдалану мерзімін өткізіп алған жағдайда пайдаланылған газ мөлшері есептеуіш құрылғыларының мерзімі өтіп кеткен күннен бастап қолданыстағы нормаға сәйкес есептеледі. Тексеріс жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда есептеуіш құрылғы көрсеткіші бойынша қайта есептеу жүргізіледі.

Алматы өндірістік филиалы есептеуіш құрылғыларын дер кезінде тексеріс жүргізіп тұруға кеңес береді. Сондай-ақ тұтынушыларға газ жеткізу тоқтап қалмау үшін газдың төлемін уақыты төлеп тұру керек (әр айдың 25-іне дейін).

Сондай-ақ Алматы өндірістік филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, газ еспептеуіш құрылғыларын ауыстыру Тұтынушы есебінен жүзеге асырылады. Газды есептеуіш құрылғыны тексеру, ауыстыру құны атқарылған жұмыс пен жұмсалған материалдарға қатысты анықталады.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы баспасөз қызметі


 




Көрілген: 985    Пікірлер: 0

сенбі, 22.12.2018, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31