Киберқылмыскерлер шабуылға шықты

Киберқылмыскерлер шабуылға шықты

Ғылым мен білім дамыған сайын заман көшіне сай өмір сапасы да жақсарары сөзсіз. Дегенмен, жақсылық пен жамандық әрқашан қатар жүретіні ақиқат. Зұлымдық пен қылмыстың та заманауи технологияларды бойына сіңіруі де күн санап жеделдеп барады. Яғни айтпағымыз компьютер арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен ұрлық жасаушылар жайлы болып отыр. Кезінде шетелдік фильмдерден көріп, аузымызды аша таңырқап қалатынбыз. Жүйесі сан-салалы құпия кодтары көп банктердің өзін тақырға отырғызып кетіп жататын. Қазір аталған хакерлік қылмыстар Қазақ елінің де көкейтесті мәселелерінің біріне айналып бара жатқандай. Әлем елдерін тұтастай алаңдатып отырған күрделі жайды біз де ой елегінен өткізгенді жөн көрген едік...
Қазіргі қоғам жаңаша өмірге бейімделгелі қашан? Жалақысын поштада ұзын-сонар кезек күтпестен банкоматтан алады. Электронды үкімет арқылы кезекке тұрып, түрлі қызмет түрлері үшін ақша төлеп, пойызға немесе ұшаққа билетті үйден шықпастан-ақ алып жатыр. Яғни заманның ағымына сай өмір сүруде. Хош дейік. Сонымен қатар, қылмыс әлемі де өкшелей қуып жаңа технологиялардың жетістіктерін шеберлікпен қолданып келеді. Заманауи байланыс түрлері мен ғаламтор арқылы түрлі айла-шарғы жасаушылар құрығы ұзын құқық қорғаушылардың да алдын орағытып тұр. Тіпті, халықтың ақшасын сақтап отырған банктердің өзінен миллиардтап ақша ұрлап кетулері де ғажап емес. Мұндай оқиғалар әсіресе Еуропа елдерінде жиі кездеседі. Әлем елдеріндегі ресми статистка кибер-қылмыстардың салдарынан әр секунд ішінде 12 адам зардап шегетінін жариялады. Қазақстанда да соңғы он-он бес жылда мұндай оқиғалар бой көрсетіп, тіпті жиілей бастапты.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады. Бас прокуратураның статистикалық деректеріне сенсек тек осы жылдың сегіз айы ішінде мұндай қылмыстық оқиғаның 69-ы тіркеліп үлгеріпті. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш тек 55-ке жеткен. Яғни, қылмыстық оқиғалар 21 пайызға бірақ секірген.
Бақыт Омарханұлы, Бас прокуратураның сотқа дейінгі қылмыстық істердің заңдылығын бақылау бойынша департаменті басқармасының прокуроры:
-Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың негізгі түрлеріне түрлі вирусты бағдарламаларды тарату, құпия сөздерді бұзу, банк реквизиттері мен несие карточкларының нөмірлерін ұрлау, ғаламтор арқылы заңға қайшы келетін ақпараттарды тарату болып отыр.
Қылмыстық істердің мұндай түрлері жекелеген адамдар мен қатар экономикасының маңызды салалары айтарлықтай компьютерлік деңгейге жеткен кез-келген мемлекет пен ұйымдар үшін аса қауіпті. Сондықтан еліміздің жаңа қылмыстық кодексінде «байланыс және ақпарат саласында қылмыстық құқықбұзушылықтар» атты бөлім жасақталды. Мұнда 9 түрлі қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған. Әрине, заңмен бекітілген шаралар болғанымен заң талаптарының сақталуын қатаң қадағалау қажеттігі сөзсіз.

Қылмыстық істердің мейлінше көбеюі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне де елеулі қатер төндіруі мүмкін. Бұған дәлел Хакерлердің ең жоғары белсенділігіне ие болған Топ-10 елдерінің ішінде Қазақ елі ойып тұрып үшінші орын алыпты. Ал ғаламтор арқылы бағдарламаларды қамтамасыз етуде вирус жұқтыру қауіптілігінен екінші орынға шыққан. Бұл туралы «Касперски зертханасы» ЖШС-нің сарапшылары мәлімдеген. Олардың есебінше кибер-қылмыскерлердің Қазақстанға шабуылы осы жылдың екінші тоқсандығында аса белсенді болыпты. Тұтас әлемде дамыған елдердің өзін тығырыққа тіреген іргелі мәселеге айналған жай қазақ елін де қапаландырып тұр. Ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сәйкес тек жыл басынан бері ғана Қазақ елінде кибер қылмыстарға қатысты 100-ден астам қылмыстық іс қозғалған. Тәуелсіз сарапшылар олардың кірістері шабуыл жасаудан 20 есе артық түсетінін айтады. Бұл туралы «Касперски зертханасы» ЖШС-де ресми мәлімдеме таратты. Олардың есептеуі бойынша танымал әлеуметтік желілерде аңғал қолданушыларды алаяқ сайттарға тарту үшін олар 150 доллар шамасында ғана шығындайды. Ал, қармақты 100 шамалы адам ғана қапқанның өзінде 10 мың доллар шамасында пайдаға кенеледі. Яғни, қолданушылардың құпия мәліметтерін сатып жібереді. Мәселен, тек 3000 долларға тек ақша ұрлайтын банк троян бағдарламаларын алған кибер қылмыскерлер спам-таратушылар арқылы 100 шабуылдан-ақ 72 мың доллар пайдаға кенелмек.
Әлемнің әр елінде хакерлік кибер-шабуылдаушыларға қарсы қимыл әрекеттер жасалып та жатыр. Мәселен, көп жағдайда үлгі ететін АҚШ-та 2002 жылдан бастап-ақ «Кибер кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұлттық стратегия» құрылған. Тіпті, олар ақпарат кеңістігіндегі қауіп тудырғандарға қарсы әскери қару қолданатындығын ресми түрде жариялаған. Осыған ұқсас киберкеңістіктегі стратегия Германия, Ұлыбриатния, Үндістанда шабуылдарға қарсы қорғаныс мақсаты жасақталған.
Тіпті, Беларусс елінде 2010 жылғы Президенттің «Ғаламтор желісінде ұлттық сегментті қолдануды жетілдіру бойынша шаралар туралы» Жарлығы шығып кибер-қылмыстарға тосқауыл қоюға қадам жасалыпты. Яғни, оған сәйкес ғаламтор қолданушылардың қандай ғаламтор парақтарын қарағаны туралы ақпарат құпия сақталатындығы көрсетілген.
Деректер.
Кибер-қылмыстар үшін Қазақстанда 1997 жылы 49 адам жазаланған. Олардың барлығы қылмыстық кодекстің 227 бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Тек 2013 жылы ғана Қазақстанға кибер қылмыс жасаған 2 хакер құрыққа түскен. Бас прокуратураның деректері бойынша елімізде 1997 жылдан 2013 жылға дейін 614 кибер-қылмыстар тіркелген.

Бір айта кетерлігі мұндай қылмыстар елдің рухани аздыруға да елеулі үлесін қосады екен. Өйткені, хакерлер түрлі зұлымдық пен арсыздыққа толы дүниелерді де тарата береді. Ал ғаламторды бала-шағанының да қолданатынын ескерсек, бұл да еліміздегі аса күрделі мәселелерге алып келуі мүмкін екенін сөзсіз. .
Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында мұндай қылмыстарды ауыздықтауға ерекше маңыз беріліпті. Алайда, мұның аса қарқынмен өріс алып жолындағысын жайпап келе жатқан жаңа технологияларды қылмысқа қарсы қауқар таныта ала ма? Бәлкім бізге де мұндай қылмыстарға тосқауыл қоя алатын жаңа жүйе қолдану қажет шығар. Ол жағы әрине келер күннің еншісінде...

Біз өңірдегі жағдайды да ой елегінен өткізуге тырыстық.
Ақмола облысында осы жыл басынан бері ғана 4 қылмыс тіркелген. Олардың екеуі өзара келісім арқылы шешіліп, екі қылмыстық іс қаралу үстінде екен, - Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің маманы Айсұлу Құлманбетова,

Бір айта кетерлігі мұндай қылмыстар елдің рухани аздыруға да елеулі үлесін қосады екен. Өйткені, хакерлер түрлі зұлымдық пен арсыздыққа толы дүниелерді де тарата береді. Ал ғаламторды бала-шағанының да қолданатынын ескерсек, бұл да еліміздегі аса күрделі мәселелерге алып келуі мүмкін екенін сөзсіз.
Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында мұндай қылмыстарды ауыздықтауға ерекше маңыз беріліпті. Алайда, мұның аса қарқынмен өріс алып жолындағысын жайпап келе жатқан жаңа технологияларды қылмысқа қарсы қауқар таныта ала ма? Бәлкім бізге де мұндай қылмыстарға тосқауыл қоя алатын жаңа жүйе қолдану қажет шығар. Ол жағы әрине келер күннің еншісінде...
Абзал Алпысбайұлы
Ақмола облысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста