Мәселе

"ҚМГ Өнімдері" бас директорына қандай айып тағылды?

  • "ҚМГ Өнімдері" бас директорына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Youtube хостингіндегі ресми арнасында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры Қуандық Құлмурзиннің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ол қоластындағы қызметкері "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС-тың ШҚО бойынша филиалының директоры міндетін атқарушыдан оның қызметіне болысқаны үшін 4,3 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Кінәсін толықтай мойындауына байланысты екеуіне қатысты кепілге алу түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова. Бастарованың айтуынша, кепілдің сомасы - 5 миллион теңге.

Осыған дейін "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры Қуандық Құлмурзиннің 3 қарашада кепілмен босатылғаны хабарланған болатын. Қуандық Құлмурзин "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС басқарма төрағасы болып 2017 жылдың 12 қазанында тағайындалған. Мұның алдында ол Мұнай және газ министрлігінде Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметінде болған.

 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 22:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30