Мәселе

Кочетов Горожанкиннің пікіріне қатысты түсінік берді

  • Кочетов Горожанкиннің пікіріне қатысты түсінік берді

    Кочетов Горожанкиннің пікіріне қатысты түсінік берді

Тамыздың 8-і күні сайтымызда  Константин Горожанкин деген азаматтың ХIХ ғасырда Қазақстандағы жергілікті халық арасында малмен жыныстық қатынасқа түсу және гомосексуализм болғаны жайында саяхатшылар жиі жазып қалдырған деген пікір қалдырғандығы туралы жазған болатынбыз. Ол мұндай пікірді Түркістан облысындағы зорланған бала жайлы жазбаның астына қалдырған болатын. 


Ал  Константин Горожанкин  елімізге Ресейдің Самара облысынан келген. Қазақстандық Интернет Бизнес қауымдастығының президенті, «Қазконтет» АҚ директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры сияқты көптеген лауазымды қызметтер атқарғаны  туралы да айтылған еді. Осы орайда  «Қазконтет» АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов өзінің facebook.com  парақшасында Константин Горожанкиннің пікірі бойынша түсінік берді. Оның айтуынша: 


1. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан Горожанкиннің пікірі бойынша ІІМ-не ресми xат жолданды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 174-бабымен (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) Алматы қаласының ІІД 8 тамыз күні СДТБТ тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2. Горожанкин Директорлар Кеңесіне тәуелсіз мүшелікке Қазақстандағы ІТ қауымдастық пен интернет-индустрияның беделді өкілі ретінде сайланған болатын.

3. Qazcontent АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі қызметін ақысыз атқарады. Нақтырақ айтар болсақ, штатта болмады және жалақы алмады.

4. Осы уақыт аралығында оның жұмысына ескертулер болған жоқ. Алайда оның соңғы пікірі Qazcontent АҚ жұмысымен үйлеспейді, осыған байланысты ол Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды және бұдан былай Qazcontent АҚ Тәуелсіз директор емес


 


 




Көрілген: 192    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 23:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31