Мәселе

Қоғамдық кеңес мүшелері халықты қаруландыруды ұсынды

  • © Sputnik / Георгий Зимарев

    © Sputnik / Георгий Зимарев

Алматыда Қоғамдық кеңес мүшелері полиция жұмысының кемшіліктерін талқылай отырып, қазақстандықтарға қылмыскерлерден қорғану үшін қысқа оқпанды қару ұстауға рұқсат етуді ұсынды.


"ІІМ қауіпсіздігімізді қаматамыз ете алмайтын болса, лицензия-рұқсат беру жүйесін реттеп, азаматтарға қысқа оқпанды қару сатып алуға және ұстауға рұқсат беретін заң қабылдауды қолдаймын. Ең болмаса, травматикалық қару қайтарылсын. Мысалы, бірнеше жыл бұрын бізден травматикалық қаруды алып қойды. Статистикаға қараңыздаршы. Қылмыскерлер атыс шығаруды тоқтатқан жоқ. Ал жәбірленушілердің бірінде травматикалық қару болғанда қайтер еді? Бізді, заңға бағынатын азаматтарды өз-өзін, мүлкі мен жақындарын қорғаудың заңды тәсілінен неге айырады?" — деді Қоғамдық кеңес мүшесі Ерлан Смайлов.



Ерлан Смайлов

 


"Полиция бізді қорғай алмайтын болса, адамдарды қаруландыру идеясын толыққанды қолдаймын. Халыққа травматикалық қаруды қайтарайық. Иір ойықты мылтық немесе револьвер болмаса да, травматикалық қаруды қайтарсын. Полицияда рефорам жүргізіліп біткенше, пайдалануға берсін", — деді танымал журналист әрі қоғам қайраткері Сергей Пономарев.



Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы

 


Бұдан бөлек, оның айтуынша, полиция жұмысын реформалауды нақты істен бастау керек әрі құқық қорғаушылар ғимаратты қоршаған дуалды алып тастап, халықпен жақындаса түсуі керек.


"Екі жыл бұрын Күлекбаев (2016 жылы Алматыда теракт жасағаны үшін өмір бойына сотталған Руслан Күлекбаев — Sputnik) бүкіл Алматыны тізе бүктірді. Әлі еңсемізді көтерген жоқпыз. Қорғаушыларымыз бізден тасаланып алған. Енді АІІБ мен ІІД есіктерін айқара ашу керек. Шұғыл арада. Адамдар келіп, екі сағат кезекте отырады да: "Әй, құрысыншы сол!", — деп қолды бір сілтейді. Міне, сол себепті тіркелген қылмыстың саны 30%-ға қысқарады. Ал ақырына дейін отырып, арыз бергендер ұзақ күтеді. 10%-ы ғана бір нәтижеге қол жеткізеді", — дейді Пономарев.


Бүгін Алматының Қоғамдық кеңесінің қалалық полиция жұмысындағы проблемалар тақырыбында өткен отырысының қорытындысы бойынша, оның мүшелері Алматы ішкі істер департаменті басшысы Серік Күдебаев пен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босату мәселесін ел басшылығы алдына қоюға бірауыздан шешім қабылдады.


Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы орталығында танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен кісі қолынан қаза тапқаннан кейін, өзін-өзі қорғау мәселесі Қазақстанда қызу талқылана бастады. 25 жастағы спортшыны көлік ұрылары пышақтап кеткен.


Sputnik


 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.07.2018, 19:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31