Мәселе

Көкшетауда адам қаққан "бензин королінің" ұлына заң жоқ па?

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Көкшетауда ірі кәсіпкер, жанар-жағармай станцияларының қожайыны Владимир Свидерскийдің екінші баласы дауға қалды. Бұл жолы 29 жастағы кіші ұлы Вячеслав өзі де, нөмірі де қымбат көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.


25 миллион теңге тұратын аппақ Мерседес мінген оның жергілікті белгілі бизнесменнің ұлы екенін білген оқиға куәгерлері болған жағдайды сол жерде ұялы телефондарына түсіріп алыпты.


Ал, қатты соққы алған 35 жастағы Александр Антоновты жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен. Басынан жарақат алып, миы шайқалған ол облыстық аурухананың нейрохирургия блімшесінде емделіп жатыр.


Көкшетаулықтар болса, кәсіпкердің ұлы жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Өйткені Свидерскийдің үлкен ұлы Владимир де қалада талай шулы оқиғаларға қатысы бола тұрып, барлық жағдайда сүттен ақ, судан таза болып шығатын дейді тұрғындар.


Осы жолы кіші ұлы да әкесінің арқасында сытылып кете ме деген күдіктері бар.


Десе де, қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


ktk.kz


 


 




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31