Мәселе

"Көліктерді тоқтатуға тыйым салынды". ІІМ өкілдері WhatsApp-та таралған хабарламаларға пікір білдірді

  • Фото : inAlmaty.kz

    Фото : inAlmaty.kz

Қазақстанның ІІМ өкілдері "жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің әкімшілік хаттама толтыратын өкілеттігі жоқ" деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


Қазақстандықтар WhatsАpp мессенджерінде жол-полиция қызметкерлеріне ереже бұзушыларды енді тоқтатуға тыйым салынғаны жайлы хабарламалар таратып жатыр.


"Жол-патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтыра алмайтын болды. (...) Бүгіннен бастап олар тек өрескел ережебұзушылық болған жағдайда немесе қарсы жолаққа шығып кеткен кезде ғана жүргізушіні тоқтата алады. Басқа жағдайларда тоқтатуға олардың құқығы жоқ", - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, мессенджерде аудиожазбалар таралып жатыр. ҚР ІІМ өкілдері бұл хабарламаларды жоққа шығарады.


"Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

 




Көрілген: 1792    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.08.2018, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31