Қолтаңбаңды көрсет, мінезіңді айтайын

Қолтаңбаңды көрсет, мінезіңді айтайын

Бүгінгідей жоғары технология қарыштап дамыған заманда бірдеңеге таңғалу мүмкін еместей. Десек те, күнделікті өмірімізде кездесетін кішігірім нәрселердің кейде назарымыздан тыс қалып жататыны бар. Мәселен, графология - яғни жазу, қолтаңбаға қарап адамның бүкіл болмыс-бітімін тану, соған қарап психологиялық портрет жасалатындығы, оның криминалистикада кеңінен қолданылатыны ... кейбірімізге белгісіз аралдай.
Расында, бұл таңғажайып ғылымның саласы елімізде анау айтқандай қанатын кеңге жайған десек өтірік болар. Дегенмен осы салада тер төгіп жүргендер баршылық... Арқанкергендегі атышулы оқиғадан кейін қазақстандық Полиграфологтар ассоциациясының төрағасы Сергей Алесковский Челахтың әжесіне жазған хатына қарап, оған мінездеме жасаған болатын. «Оның жазуы өте ұсақ әріптермен жазылған, ондай адамдар тез шешім қабылдай алмайды. Әр әріп өзінше бөлек тұр. Бұл дегенің - логикалық ойлау қабілеті нашар деген сөз. Сарбаздың «әскерде бәрі жақсы» дегені өтірік. Оны жазулары теріске шығарып тұр» деген-тін. Эксперт Челахты тез әрекет ету мен қатыгездік жасау қолынан келмейді деп бағалаған болатын. Бірақ мұндай мәлімдеме де, қорытынды да заңдық негіздеме болып табылмайды. Тіпті еліміздің заңдарында графологиялық экспертиза деген заңдық негіздеме атымен жоқ. Сотта да заңдық негізі бар құжат болып табылмайды. Бірақ тергеу кезінде анонимді хаттарға графологиялық зерттеу жүргізіледі. Ол көмекші құрал ретінде ғана жүреді. Дамыған елдер графологияға жоғары деңгейде мән беріп отырғанда, елімізде бұл сала дамымаған десе де болады. Батыс елдерінде тестке енгізіліп, АҚШ-та мойындалған ғылым. Бүгінде шетелдік фирмалар арнайы графолог маман жалдайды. Жұмысқа қабылданған адамдарды жазуына қарап, соның сүзгісінен өткізіп отырады. Ал көптеген жастар графологтардан өзінің қай мамандыққа бейім екенін білу үшін барады. Графология грек тілінен аударғанда «жазу арқылы танып білу» деген мағынаны білдіреді. Яғни жазуға қарап адамның ерекшеліктерін білуге болатын ғылым. XX ғасырдың екінші жартысына дейін графология ғылымы психиатрия мен криминология ғылымының бір бөлшегі ретінде қарастырылып келді. Медицинада графология ми мен нерв жүйелеріне диагностика қоюда көмекші құрал ретінде қолданылады. Ресей мен шетелдерде графологтардың қорытындысы тергеу кезінде соңғы орында тұрады. Психикалық ауытқуы бар адамды нағыз графолог дәрігерден бұрын нақты диагнозын қойып бере алады. Графологияның каллиграфия атты тағы бір саласы бар. Ол да қолтаңбатану
саласына қызмет етеді. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда графология ең көне ғылымға жатады. Тастарға басылған таңбатанудан басталған ғылым осыны айғақтайды. Заң ғылымының кандидаты, графолог Сергей Алесковский графологияны көп уақыт бойы жұмбақ ғылым саналып келгенін айтады. КСРО кезінде осы салаға қатаң тиым салынған. Графологтар қуғынға ұшырады. Осыған арналған ғылыми жұмыстарды жойып жіберді. Оны астрология мен хиромантиямен бірдей қойды, буржуазиялық жалған ғылым деп саналды. Жазуға қарап диагноз қою таң көрінетіні рас. Мұны нерв жүйелерінің жоғары физиологиялық мүмкіндігі десе де болады. Ғалымдардың зерттеулерінше, ми мен қол бірге жұмыс істейді. Мидағы толқындарды қол қайталап отырады. Бельгиялық атақты адвокат Борнейді өлтіріп кеткенде оған графологиялық зерттеу жүргізілген. Қылмыс орнында кісі өлтіруші хаттың кішкене бөлігін түсіріп алған. Графологтың сүзгісінен өткен соң ол қылмыскердің толық портретін жазып береді. Ол үнемі өз құрбанының қасында болған. Тіпті өлтіретін күні де оны қолынан жетектеп көшеге алып шыққан. Тергеу кезінде ол тіпті күдіктілердің қатарына да енбепті. Ақырында қылмыскер Борнейдің әріптесі болып шыққан. Нағыз кәсіби графолог қылмыскердің шашы мен көзінің түсіне дейін айтып берген. Бірақ ғылыми еңбектерде жазуға қарап шаштың түсін тануға болады деген ғылыми негіздеме жоқ. Қолтаңбатану зерттеулерінде қателесу сирек болатын жағдай. Бұл салада кейінгі жылдары көптеген проблемалар пайда болды. Мәселен, кейінгі жылдары графологтар әйел мен ер адамның қолтаңбасын жиі шатастыратын болып жүр. Өйткені әйелге тән мінезді болып келетін ерлер көп. Бейкәсіби мамандардың арасында әдемі, дұрыс жазылған жазу адамның ішкі жан дүниесінің тазалығын көрсетеді деген адасушылық басым. Керісінше, түсініксіз жазу - көздеген мақсатына жетпей тынбайтын, табанды, интеллектуалды жетілген адамдарға тән көрінеді. Әріптерді ерекше сәндеп жазатындар құлықсыз, түсінік танымы төмен адамдарға тән. Бүгінгідей компьютерленген заманда графология өшеді деп жүргендер бар. Бірақ балалардың бәрі де мектеп партасына отырғанда әріп жазуды қағаз бен қаламнан бастайды. Құжатқа қол қою ешуақытта да қалмайды. Демек, компьютеріңіз де адамның қол қоюын алмастыра алмайды. Қол қою - ол бүкіл жазудың жиынтығы, - дейді мамандар. Осындай ерекше салаға ден қойып, үйреніп, еңбектеніп жүргендер саны аз. Психология мен криминалистика саласының мамандары ғана осы графологияны өрге сүйреп келеді. Қыр баласының да осы белестен көрінгенін қалаймыз...
Бақытгүл Кенжебаева, психолог:
- Бала жастан қалыптасқан жазу үлгісінің есейе келе өзгеріске ұшырайтыны анық. Расында, оқушының жазуына қарап оған мінездеме беруге болады. Кейінгі кездері "ғаламтор бұл ғылымның дамуына кері әсерін тигізеді" деген пікір айтылуда. Алайда бұл пікірмен келіспеймін.

Бибіхан Байбақ, Мұғалімдердің білімін жетілдіру орталығының методисі:
- Елімізде көбіне шетелдік тәжірибені ендіріп жатырмыз деу соңғы кезде сәнге айналғандай. Алайда нағыз керекті тәжірибеге келгенде кежегелері кейін тартып тұратыны қызық. Криминалистика саласында көп көмегін тигізетін ғылымды ендіруді қолға алатын кез жеткен сықылды.
Там-тұм тарих
Қолтаңбатанудың әкесі болып британдық Мишон танылады. Ол ең алғаш осы салаға түрен салып, қалыптасуына септігін тигізді. Таңғажайып ғылымды өткен ғасырдың 20-жылдары Д.Зуев-Инсароз зерттеп, «Жазу мен тұлға» деген кітап жазып қалдырды. Ол адамның жасын, жынысын, тіпті қоғамдағы орнына қарай бастық па, әлде қызметкер ме соны да анықтауға болатынын айтқан.
Керек кеңес
Графологтардың айтуынша, егер әріп қателерін үнемі қайталап отырса, ол адамның ұқыпсыз, сөйлемнің аяғында ірі әріптермен бітірсе, сенгіш, ал егер кіші әріптермен аяқтаса, онда қулығы мен аса байқампаздығын білдіреді екен. Басқы әріптердің оралып ерекше кейіпте жазылуы өзіне көңіл аударуды қалайтындарға тән. Толқынды әріптер қияли адамдарға, сызыққа тақап жазу талапшылдарға тән. Домалақ жазу өзін тұлға ретінде санайтындарға, өткен өкініштеріне қайырымсыз қарайтындарға, өзіне сенгіш, адалдық сүйгіш, қуатты адамдарға тән. Ұсақ жазу ұстамдылық, есепке бейімдерге тән. Сөздердің арасын қысып жазатындар ұқыптылық пен алдағыны көре білу қасиетіне ие. Біркелкі емес жазу тез ашуланғыштарға тән. Әріптер түсінікті болса, онда ол иесінің көзқарасының тұрақты, айналасындағыларға құрметпен қарайтынын білдіреді. Анық та нық жазу іскер жандарға тән. Сөйлемдердің арасы алшақ болса, онда мінезі тұрақсыз болғаны. Арасына абзац қалдырмай қысып жазу секемшілдерге тән.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста