Мәселе

«Көмектесіңіздерші!..». Қазақ олигархына тиген қырғыз әйел көз жасын көл қылды

  • © Islam-Today.ru

    © Islam-Today.ru

27 жастағы қырғыз азаматы Алтынгүл Құдайбергенова өзінің қазақ тиран күйеуі туралы барлық былық-шылықты жайып салды. Оның қазіргі бар арманы — күйеуінің қолында қалған үш баласын өзіне алу.


Оның күйеуі Қазақстандағы ірі кен орны — Камал ойлдың қожайыны Абай Камалов екен. Ол бір рет ажырасқан екен. Мұны Алтынгүл оған тиерде білмепті. Сөйтсе, ол да күйеуінің тепкісіне шыдамаған. Ал Алтынгүлді ол алдап жар етіпті деп хабарлайды Кaktus.mediа.


— Мен оның бай адам екенін білген жоқпын. Ол туралы түк білмегем. Өйткені ол мені көре салып, сөз салды. Діндегі адамбыз ғой. Бес уақыт намаз оқимыз. Ол да, мен де. Бішкектегі оқу орнында оқып жүргем. Ұзын көйлек киіп, орамал тағып. Содан анамның құрбысы таныстырды онымен. Жақсы жігіт, намаз оқиды деді. Күмәнім болмады, келістім.


Абай анаммен танысқанда өзінің жағдайы жоқ екенін, ата-анасының Бішкекке құдалыққа келе алмайтынын айтты. Анам мен ағам онымен ұзақ сөйлесті. Ақыры, некеге қарсы болмады, алдымыздан өтіңдер деп, талап қоймады. Осылайша, достарымызбен бірге неке қию рәсімін өткіздік. Бішкектің имамы некемізді қиды.


Содан соң, Қазақстанға аттандық. Анам екі тәтемді ілестіріп жіберетін болды. Абай басында қипалақтап, артынан көнді. Сөйтіп, ол бізді Алматыдағы бір бөлмелі үйі бар туысына алып келді. Тәтелерім олармен танысып, жан-жақты көрген соң, кері оралды. Сөйтсем, Алматыдағылар оның алыс жамағайыны екен, тіпті, қатты араласпайтын көрінеді. Кейін естідім, Абай бай адам, оларды менсінбейтінге ұқсайды.


Одан соң, Оралға жол тарттық, онда туған әке-шешесімен таныстырды. Бірақ олар мұрнын шүйіріп шыға келіпті. Қырғыз деп. Сөйтіп отырса, опақ, тұрса, сопақ қылған. Мұндай кезде Абай әйелін аямай сабаған.


Алтынгүл жөн-жосықсыз неге қол көтересің маған дегенде, ол мұны жын шығару деп түсіндірген. Діннің бір шарты бойынша, бұл міндет деп ұғындырыпты. Бұған Алтынгүл сенген. Өйткені діни білімі терең болмаған. Сондықтан өзіне күйеуі қол көтергенде, ол қарсылық та білдірмейтін болған. Бірақ соққы күшеймесе, бәсеңдемепті. Алтынгүл талып қалатынды шығарған.


Ұлымды дүниеге әкелгенше, олардың отбасымен маған қылмағаны болмады. Мен соның бәріне көндім. Көніп жүріп, үш баланы дүниеге әкелдім. Сол кезде мен дінді тереңдеп оқи бастадым. Күйеуіме қарсы сөйлей бастадым. Ислам бойынша, әйел адамға қол көтеру күнә екенін дәлелдеуге тырыстым. Ол мені одан сайын сабап тастады.


Үйде ұратын, қала сыртына айдалаға шығарып сабайтын. Неге десем, енді қызғанам дейтін болған.


2017 жылы 3-қарашада ол мені қатты ұрып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Оралдағы. Ағам келді, түрімді көріп шошып кетті. Бірден Бішкекке алып кетті. Онда да ауруханада болдым, өйткені төртіншіме аяғым ауыр еді. Өкінішке қарай, оны сақтап қала алмадым.


Абайдың алдында бір әйелі болғанын кейін естідім. Ол ажырасып кетіпті. Өзінен сұрасам, байлығыма қызықты ол деді. Ал шындығында, ол оны да аяусыз тепкінің астына алған, содан шыдамай, қашып кеткен. Оралда мұны бәрі біледі екен, Абайдың тиран екенін.


Сондықтан қыздар бес метр бойын аулақ алып қашатын болған. Бішкекке де келіп жүргені сол ғой. Ағам алып кеткен соң, Абай үйге төрт рет келді. Анам әрең қуып шыққан, тіпті, полиция шақыруға да мәжбүр болған. Бірақ полициядағылар оны көп ұзамай, жібере салған.


Төртінші ретінде ол діни ұстаз Дарын Мубаровпен келіпті. Ұстаздың, анамның көзінше Абай маған енді қол көтермеуге уәде беріп, тіпті, қолхат та жазды. Балаларым сонда ғой. Мен қайда барам.


Бірақ Оралға бармаймын дедім, Алматыда баларыммен тұрамын дедім. Бәріне келісті ол. Қолхат жазды. Шекараны қалай басып өттік, бәрі жайына қалды. Алматыға кеп бір пәтерге қамап тастады. Ұялы телефонымды тартып алды. Бірнеше күннен соң, қызымды алып енем келді. Ол бізді Оралға алып кетті.


Таяқтағанның көкесі сонда басталды.Тағы ауруханадан бір-ақ шықтым.


Сонда жатқандардың телефонын сұрап алып, үйіме хабарластым. Шешем келіп, мені бірден алып кетті. Ал заттрарымды полиция арқылы алдық. Бастысы, балаларым тағы қалды сонда. Оларды ала алмайды екенмін заң бойынша. Өйткені неке заңды түрде тіркелмеген, ал балалар Қазақстан азаматы. Бірақ соған қарамастан, полицияға және балалар ісі жөніндегі комиссияға арыз тастап кеттім. Мен соңына дейін күресемін.


Бірақ Абай ондағылардың бәрін сатып алатын секілді.


Өйткені мен шағымданған ресми органдардан ешқандай жауап жоқ. Өзіне звандасам телефон тұтқасын алмайды, — дейді қырғыз әйелі. 


365info.kz




Көрілген: 2254    Пікірлер: 0

сенбі, 03.11.2018, 18:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30