Мәселе

Коммуналдық қызмет өкілдері соғыс ардагерін сотқа беріп, зейнетақысынан ақша ұстап қалған

  • Көрнекі сурет.   ©Baq.kz

    Көрнекі сурет. ©Baq.kz

Алматы облысында Отан соғысының ардагері Ермұхан Рысбековты коммуналдық қызмет сотқа беріп, зейнетақысынан 45 мың теңгеден астам қаржысын қиып алыпты. Ал соғыс ардагерінің немересі бұл жағдай төбемізден жай түскенмен бірдей болды дейді. Себебі олар қарияны сотқа бергенін және зейнетақысынан қомақты қаржыны бірден ұстап қалғандарын ақшаны алғанда бірақ біліпті. Ал бұл жайтқа Ақсу ауданының тұрғыны аудан әкімін кінәлап отыр.


16 жылдан бері атасын қарап отырған Данагүл коммуналдық қызметкерлердің елі үшін, ұрпағы үшін, жері үшін соғысқан ардагерді сотқа бергеніне күйінеді. Ал биылғы жылуға төленуі тиіс қаржыны дер кезінде төлемегендеріне аудан әкімінің уәдесі себеп болыпты.


ДАНАГҮЛ ЕРМҰХАНОВА, ҰОС ардагерінің немересі:


– Өзіміздің Ақсу ауданының әкімі Әділбек ағамыз келіп, мынау не жағдай деп көріп, екі жылытқышты әкеп беріп, болды жылытқыш қосыңыздар деді, мен айтып едім, мен жылытқыш қосуға жағдайым келмейді деп едім, Дана жылытқышты қосыңыздар, Мен светтің ақшасын да, отопленияның ақшасын да өзім қалтамнан төлеп беремін, мойнымызға аламыз деді. Білдей бір ауданымыздың әкімі ғой деп сендік.


Ал уәде берді деген Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далбағаев жылуды төлеу жайлы сөз болмады дейді.


ӘДІЛБЕК ДАЛБАҒАЕВ, Ақсу ауданының әкімі:


– Жылуды төлеп беремін деп уәде берген жоқпын. Кеткен электр энергия жүйесін жылытқыштар тұрғаннан біз төлеп береміз деп уәде бергенбіз. Оны түгел төлеп бердік, құжаттары қолымда. Ылғи үлкен ақсақалды алдына салып, сол кісінің атын жамылып, өзі жұмыс жасамайды.


Ал Ұлы Отан соғысының ардагері, 94 жастағы Ермұхан ата өзін сотқа бергендер жайлы ештеңе айтпады, бірақ ол бес жыл бұрын өзіне берілген пәтерді әлі жекешелендірмеді деп налиды.


ЕРМҰХАН РЫСБЕКОВ, ҰОС ардагері:


– Соның документін бермей жатыр. Ол қалай екенін білмеймін. Документін әлі бермеді, қалай бермейді, білмеймін.


САМАЛ ҚАБЫШЕВА, тілші:


– Ұлы Отан соғысының ардагеріне бес жыл бұрын сүйіншілеп берілген бір бөлмелі пәтер міне осы. Дәлізге кіргеннен бірден ас бөлмесіне тап боласыз. Себебі, бір бөлмелі пәтерде тұрып жатқан 5 адам ас бөлмені жатын бөлме қылып күн кешуде.


Соғыс ардагері тұрып жатқан көпқабатты үйде бірде бір балкон жоқ екен. Қабырғалары тым жұқа салынғандықтан үй қыста аңырап, пана болмай кетеді дейді тұрғындар. Ал осындай машақаты көп пәтерді жекешелендіру мәселесі екі айдың ішінде шешіледі деп әкім сендірді.


Енді есептеп көрейікші, соғыстың соңғы 45 жылы бар-жоғы 18 жасында майданға аттан сарбаздардың ең жасы қазір 91 жаста. Сонда біз, мына кейінгі ұрпақ жеңіс туын тіккен қарияларымызға құрмет пен қошемет көрсете алмағанымыз ба?! Әлде, онсыз да аз қалған ардагерлерімізді ұлықтау соншалықты қиын ба?!


31.kz


 




Көрілген: 183    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31