Мәселе

Кондуктор неге мүгедектен жолақысын талап етті: Астана LRT өкілі жауап берді

  • Кондуктор неге мүгедектен жолақысын талап етті: Астана LRT өкілі жауап берді

    Кондуктор неге мүгедектен жолақысын талап етті: Астана LRT өкілі жауап берді

ҚР Психоанализ ассоциациясының психоаналитигі Светлана Құдиярова "Тренинг кафе" жобасының бенефициарларын Астана қаласына қыдыртуға алып келгенде түсініксіз жағдайға тап болғанын айтты. Қоғамдық көлік кондукторы азаматтардың мүгедектік туралы анықтамасының бар екеніне қарамастан, жолақысын төлеуді талап еткен. Бұл әрекетінің себебін азаматтардың басқа қаладан келгенімен түсіндірген.


"Бүгін түсініксіз жағдайға тап болдым. Астана қаласына "Тренинг кафе" бенефициарларымен бірге келдім. Автобусқа отырып, балалардың мүгедектік туралы анықтамасын көрсеттім. Ал маған кондуктор бұл анықтаманың Астана қаласында жарамсыз екенін айтады. Мұны қалай түсінуге болады? Сонда балалар Алматы қаласында жүрген кезде ғана мүгедек болып санала ма?", — дейді Светлана Құдиярова.


Қала мәслихатының шешімі бойынша, Астанада қоғамдық көлікте бес санаттағы азаматтар жеңілдікпен жүреді. Олар — мүгедектер және оларды ертіп жүретін бір адам, көпбалалы ана, көпбалалы отбасы және зейнеткерлер. Алайда Астана қаласына қыдырып келген балалардың мүгедектік туралы анықтамасының бар екеніне қарамастан, неліктен қоғамдық көлікпен тегін жүре алмағанын Астана LRT компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева түсіндірді.


"Астана қаласында осындай жеңілдігі бар 110 мың адам тұрады. Автопарктерге субцидия төлеген кезде қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. 2017 жылға дейін жергілікті бюджеттен 1 миллиард үш миллион теңге бөлінетін. Электронды жүйе қосылғалы жеңілдігі бар азаматтар арнайы электронды картамен жүретін болды. Олар карта арқылы жолақысына төлеген ақшаны ай сайын әкімдік тасымалдаушыларға төлеп отырады", — деді Азанбаева.


2018 жылдың наурыз айына дейін ата-аналар мүгедек балаларымен бірге болғанда ғана тегін жүретін. Қазір бұл тәртіп өзгерді. Себебі, кей жағдайда олар балаларын өздерімен бірге алып жүре алмауы мүмкін. Мысалы, 18 жасқа толмаған баласы ауруханада жатса.


Қазақстанда мүгедек жандарға қоғамдық көлікпен жүруде жеңілдік қарастырылған үш қала бар.


"Ай сайын жеңілдігі бар азаматтардың базасы жаңартылып отырады. Басқа қаладан келген мүгедектігі туралы анықтамасы бар азаматтар Астана қаласының жергілікті тұрғыны болып жатқан жағдайда ғана өзіне тиесілі жеңілдікті пайдаланады. Ал уақытша қыдырып келген азаматтар жол картасын 400 немесе 1000 теңгеге сатып алып, еркін қатынай алады", — деді Науат Азанбаева.


Мұнымен қатар, қоғаммен байланыс қызметінің басшысы жолаушылардың қолма-қол 180 теңге немесе автобус есігінде жазылған нөмірге смс хат жіберу арқылы 90 теңге төлеуіне болатынын жеткізді.


Sputnik


 




Көрілген: 202    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.11.2018, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30