«Қоңыз саудасы» әлі де жүріп жатыр

«Қоңыз саудасы» әлі де жүріп жатыр

Естеріңізде болса, газетіміздің биылғы ақпан айында жарық көрген нөмірлерінің бірінде «300 теңгеден қоңыз сатып жүр» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын.

Онда Шымкентте бір азаматтың іш құрылысқа ем болады деп данасын 300 теңгеден ұсақ қоңыздар сатып жүргені туралы айтылған еді. Міне, осы қоңыздардың саудасы әлі де жүріп жатыр екен. Бұған біз өткен аптада көзбе-көз куә болдық.

Дене тұрқы 2 сантиметрдей болатын жылтыраған көкшіл-жасыл және сарғыш-қоңыр түсті қоңыздарды бұл жолы базарда бір жас әйелдің сатып жүргенін көрдік. Әр данасын 100 теңгеден саудалап тұрған оны әңгімеге тарттық.

«Бұл қоңыздар ішкі құрылыс ауруларына ем болады, – дейді ол. – Өзі біздің жаққа тек мамыр айында ғана келеді. Қайдан келетінін білмедім. Тауда өсетін ұшқат деген бұта бар, сол гүлдеген кезде шығады да, бас-аяғы бірер күннен кейін қайда кететіні белгісіз, жоғалады. Біреулерден естуімізше, жерге, топырақ қабатына кіріп кетеді дейді.

Бұл қоңыздың денесінде ағзаны қақтан, құмнан, тұздан, тастан тазартатын қандай да бір зат бар. Мысалы, менің бір танысым осыны ішу арқылы өтінде пайда болған тастан құтылды. Мұны бізден алып ішіп, дертінен айыққан талай жандар қайтып келіп, алғысын білдіріп те жүр. Өзімнің күйеуім де бүйрек ауруынан осыны ішу арқылы жазылған. Иммунитетті көтеріп, күш-қуат та береді екен. Олар бұл қоңыздың келетін уақытын біледі, сол кезде тауға шығып, оларды теріп әкеледі. Сосын біраз күн жабық ыдыс­қа салып қоямыз да, кейін құрғатып, кептіріп аламыз.

Мұның бір данасын 500 теңгеден сатып жүргендер де бар. Ал біз өзіміз жинайтындықтан біреуін 100 теңгеден сатамыз. Алып, қолданып көрген адамдар кейін тағы да іздеп келеді. Бірден 400 – 500-ін, кейде 1000-ын бір-ақ алатындар да бар. Ондайда қоңыздың бір данасын 50 теңгеден береміз.

Бұл қоңыз асқазан қыжылынан құтқарады, простатитке де ем. Тәртібін сақтап ішсе, зияны жоқ. Бір айта кетерлігі – мұны 18 жасқа толмағандардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің, асқазанында ойық жарасы барлардың қолдануына болмайды. Себебі қоңыздың денесінде болатын шипалық заттың тасты ерітетін қасиеті бар, ол жараның бетін ойып жіберуі мүмкін екен. Біз мұны қоңыз алатындарға алдын-ала ескертеміз. Алдымен дертіне нақты диагноз қойдырып алғаны дұрыс».

Ал «қоңыз ішудің» тәртібі жөнінде ол былай деді:

«Алдымен 10 данасын алыңыз. Күніне таңертең, тамақ ішерден жарты сағат бұрын 1 данасын уатып, суға қосып ішесіз. 10 күн ішкесін арасында 5 күн үзіліс жасайсыз да, емді қайтадан 10 күнге жалғастырасыз. Ішу тәртібі – күніне таңертең 1 данадан. Осының өзі жеткілікті, жеңілдеп қаласыз. Егер күнделікті зәр сынамасын алып тұрсаңыз, біраз нәрсеге көзіңіз жетеді. Ыдысқа алынған зәрдің түбіне құм, еріген тас шөгіндісі отырады.

Қажет етсеңіз, мұндай емді арада бір-екі ай өткесін тағы да жоғарыдағыдай тәртіппен қайталауға болады».

...Міне, өмірде осындай да жайлар болып жатыр. Қоңыз сатушы әйелдің айтуынша, бұл іспен айналысатын басқа да адамдар, алыпсатарлар, тәуіптер бар. Ол кісі бұл қоңыздың шипасына қатысты реніш білдірушілер жоқ дейді, ал алғыс білдірушілердің көп екенін айтады.

Жұрт шөптен де, аң-құс өнімдерінен де дәрі-дәрмек жасап жатады ғой. Соған қарағанда, бұл жәндіктер расында да дертке дауа болатын шығар, кім білген...

Т. ТҰРАН

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста