Мәселе

Қордайлықтар қарақшылардан қорғану үшін қару құшақтап жатуға мәжбүр

  • © Qazaq radiosy

    © Qazaq radiosy

Жамбыл облысындағы елді мекенде үйге шабуыл жасап, адамдарды өлімші етіп сабап, тонап кететіндер пайда болған. Жұрттың айтуынша, екі аптада 10 үй тоналған. Алайда әлі күнге бірде бір қылмыс ашылмаған. Бұған ашынған бұқара бүгін ішкі істер бөлімінің алдына жиылып, ұрыларды ұстауды талап етті.


Ең бірінші қарақшылық дерегі 20-шы шілдеде тіркелген. Бетперде киген екі ұры ерлі-зайыпты зейнеткердің үйіне түскен. Екі кеште баспанаға баса –көктеп кірген бұзақылар екеуінің қол-аяғын матап, аяусыз азаптаған. Ақша мен бағалы заттарды беруін талап етіп, әбден тепкілепті. Қарттардың көрер жарығы бар екен. Олардың жанұшыра шыққан дауысын естіген көршісі дер кезінде келіп, араша түсіпті.


Алексей Спирякин, Қордай ауылының тұрғыны:


-Мен келгенде зейнеткер әйел дәл осы жерде қансырап жатты. Қаскөйлер мені көре сала маған қарай жүгірді. Біреуі қолындағы шоқпармен төпелей бастады. Қолымды тосып қорғандым. Сол сәтте ұрылар кері шегініп, қашып кетті.


Дегенмен қарақшылар олжасыз емес, зейнеткерлердің 500 еуросы мен 100 мың теңгесін алып кеткен. Ал қариялардың өздері ауыр жарақат алған. Қабырғасы сынып, тістері түгел қағылған 68 жастағы Владимир Бойконың хәлі тіптен мүшкіл. Қазір әйелі Лидия екеуі Бішкектегі ауруханаға жатқызылған. Бұдан кейін ұрылар шабуылды тіптен үдеткен. Бас –аяғы 15 күнде онға жуық баспанаға түсіп, құнды заттарын түгел тонап кеткен.


-Олар иттен де адамнан да қорықпайды. Дарбазадан қарғып түсіп білгендерін жасайды. Қорыққанымыз сонша түнімен кірпік ілмей, тіпті қолымызға қару ұстап жатамыз. Қазір күндіз үйде қалудың өзі қорқынышты.


Тұрғындар тәртіп сақшыларының дәрменсіздігіне наразы. Айтуларынша қазір елді-мекенде жағдай ушыққан. Сондықтан қаскөйлер қолға түскенше ауылда коменданттық сағат жариялауды талап етуде.


- Коменданттық сағат енгізге де қуанар едік. Бұл қорлыққа шыдау мүмкін емес, бұдан әрі.


-Ауылда ұрылар үй иелерінің құлағы мен қолын кесіп, өздерінің қарақшылық белгілерін қалдырып кетеді деген қауесет тараған. Алайда, полицейлер мұның тек қаңқу сөз екенін айтып, оны жария қылғандарды жазаға тартамыз деп отыр. Әрі жалпы ұрлық дерегі ел айтқандай онға жуық емес, небәрі үшеу ғана дейді. Десе де Қордайдың полицейлері қазір тайлы-тұяғы қалмай қарақшыларды іздестіріп жатыр екен.


 ktk.kz




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

жұма, 03.08.2018, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31