Мәселе

Кореяда нәпақа тауып жүрген қазақ жігітінің шындығы

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Оңтүстік Корея елінде еңбек етіп жүрген қазақ жігіті көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол Қазақстандағы отандастарына өз шындығын айтып, видеомәлімдеме жасады. Онда жас жігіт қазіргі таңда Корея елінде алты мыңдай қазақтың еңбек етіп жатқанын тілге тиек еткен.


«Қазақтың Кореяда алты мыңы,


Ешқашан шығармаңдар естен мұны.


Бес жүз мыңнан салғанда әр ай сайын,


Бюджеттің үш млрдқа өскендігі» деп өз сөзін бастаған жігіт өзі секілді қазақстандықтарды шетелде жүр деп сынның астына алатындарға да жауап қатады. Ол өз сөзінде сыртта жүрген адам елдің,Отанның қасиетін жақсы білетінін алға тартқан. Мұнан соң ол Оңтүстік Кореяда жүрген талай қазақ баласы несиелерін жауып, тіпті көлік мініп жүргенін де сөз еткен.


«Корея дамыған деп білетін жер,


Самолетпен, кемемен кіретін жер.


Кредит төлеп жүргендер жауып тастап,


Жаяу келген машина мінетін жер.


Қазақтың керемет бір мақалы бар


Біліп алсын сырттан сынап жүретіндер


Есектің артын жуып мал тап деген


Осында жүр сол сөзді білетіндер» деп ойын түйеді жігіт.


Аталған видеомәлімдеме желіде тез тарап, елдің қызу талқысына түсіп, көпшілікті қолдауына ие болды. «Жарайсың, бауырым», «Неткен керемет», «Дұрыс айттың», «Өте дұрыс та орынды айтқан екен. Біздің айлық басымызға тартсақ аяғымыз ашылады, аяғымызды жапсақ, басымыз ашылып қалады» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.


Еске сала кетейік, жуырда ғана Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебай өзінің желі парақшасында жастарға шетелге кетуге кеңес беріп, онда жұмыс істеп, қомақты қаржыға кенелуге болатынын жазған болатын. 



ERNUR.KZ




Көрілген: 4067    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31