Мәселе

Кореяға жұмыс істеуге барған қазақ жігіті "қыз зорлады" деген күдікке ілінді

  • ЖҰМАШ АМАНАТ. ФОТО: ЖЕКЕ МҰРАҒАТЫНАН

    ЖҰМАШ АМАНАТ. ФОТО: ЖЕКЕ МҰРАҒАТЫНАН

23 жастағы Жұмаш Аманат бесінші қараша күні Оңтүстік Кореядағы Чхунджу қаласында қамауға алынды. Науқас анасының отасына ақша табу үшін шетелге жұмыс істеуге барған жігітке кенеттен "қыз зорлады" деген жалған жала жабылып, жазықсыз айыпталған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Жұмаштың анасының айтуынша, қазір бұл іске еліміздің Сыртқы істері министрлігі араласып, Оңтүстік Корея тарапымен келіссөздер жүргізуде. Тек əзірге айтарлықтай нəтиже жоқ екен. Ал жеке адвокат жалдауға жігіттің жақындарының қолы қысқа. Бір сөзбен айтқанда, баласын өзге елдің түрмесінен шығару үшін қаражат керек.


"Ұлыма жала жабылды. Оның кінəсі жоқ. Анасы қатерлі ісікке шалдыққандықтан, операция жасау қажет еді. Сол үшін ұлым Кореяға кетіп, жұмыс істеді. 2017 жылдың 15 ақпанда кеткен. Бесінші қарашада ұсталып, қамалып отыр.


Кореяда адвокат жалдау үшін күніне қомақты қаржы төлейді екенсің. Ал, сотқа дейін қырық күн бар. Кореядағы елшілікпен сөйлестік. Бірақ, айтарлықтай нəтиже жоқ", - дейді баланың əкесі Қайсар Шерім.


Оңтүстік Корея заңына сəйкес, қыз зорлады деген айыппен қамалған адам кемі бес жылдан 20 жылға дейін жазаға кесілуі мүмкін. Десе де, баласының адалдығына сенімді ата-ана барын салып, оны қорғап қалмақ ниетте.


Осы іске байланысты портал тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хат жолдады.


Бөтен елде еріксіз бөгелген отандасымыздың оралуына қол ұшын беруге ниеттілер болса, QIWI Кошелек +747 710 94 20 есепшотына қаржы аударуына болады. 




Көрілген: 824    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 16:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30