Мәселе

"Көрпеде қан болған". Өзіне қол салды делінген әйелдің туыстары шу шығарды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Алматыда өз-өзіне қол жұмсады делінген әйелдің туыстары қылмыстың ашылатын түрі жоқ деп шу шығарды. Қалалық полиция департаментінің алдына жиналған Сайрангүл Лайысқызының жақындары тәртіп сақшыларының сылбырлығына шағымданды.


"Тергеушілер ешқандай жұмыс істемеген. Отырған үйіндегі көрпеде қан болған. Соның барлығы ашылмай жатыр. Ашылса ары қарай іс оңға басар еді. Қалалық департаменттен көмек сұрап отырмыз. Мақсатымыз – істі ары қарай жолдап, жоғарыға жеткізу", — дейді марқұмның туысы Табыс Тәбәракұлы.


Еске салсақ, осыдан екі апта бұрын Сайрангүл Лайысқызы ауруханада көз жұмған еді. Ес-түссіз бір ай комада жатқан келіншектің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері де болған. Кейін суицидке итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Марқұмның туыстары өлімге күйеубалаларын кінәлап, тиісті жазасын алуын талап еткен-ді. Ал тәртіп сақшылары оқиғаның жіті тексерілмей жатқанына сот-медициналық сараптаманың дайын болмауы себеп дейді. Заң аясында жұмыс істейміз деген құзырлы орын өкілдері марқұмның жақындарына шамалы күтіп, жағдайды ушықтырмауын сұрайды, деп хабарлады КТК.


"Сот-медицицналық сараптама қолымызға түспей, қандай да бір процессуалдық әрекетті жүзеге асыру заңсыз болып табылады. Сот-медициналық сараптама бізге ең басты сұрақтарға жауап береді. Біріншіден, өлімнің себеп-салдары белгілі болады. Екіншіден, қылмыстың болу-болмауын анықтаймыз", — деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Sputnik 




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.12.2018, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31