Мәселе

Қостанайда қызыл империяны аңсаған жастардың шеруі үлкен дауға ұласты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Қостанайлық студенттер Қызыл әскердің 100 жылдығын тойлап жүргенін әкімдіктегілер білмей қалыпты. Сынның астында қалған билік бүгін осылай ақталып жатыр.


Жергілікті Наша газетінің жазуынша, колледждерде оқитын жастар Коммунистік халықтық партиясының мүшелеріне еріп, қаладағы Лениннің және тағы бірнеше ескерткішке гүл шоғын қойған.


Тіпті, қызыл әскердің құрметіне қолдарына қызыл ту ұстап, қызыл кеудеше киген студенттер саппен жүріп өтіпті. Негізі «Қызыл империяны» жатса тұрса аңсайтын коммунистер сол кездегі мерекелерді қолдап, тұрақты марш, митинг ұйымдастырып тұрады. Ал биыл қатарларына жастарды қосқан. Қосып қана қоймай, біразының саяси көзқарасын өзгертіп те үлгерген сыңайлы. Өйткені, шараға қатысқан студенттер жергілікті басылымға Кеңес үкіметі кезінде жағдай қазіргіден де жақсы болған деп жарыса сұқбат берген. Ал тендерді ғана аңдып отыратын шененуіктер, иектерінің астында болып жатқан бұл саяси шеруден мүлдем хабарсыз.


Саят Шаймұрынов, Қостанай қалалық Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы :


-Заң бойныша, митинг, акция, флешмобтар өткізу үшін алдын ала әкімдіктен рұқсат керек. Бірақ, бізге ондай хат келмеді. 23-ақпанның Тәуелсіз еліміз үшін еш қатысы жоқ, мереке емес. Біз сол жиынға қатысқан жастармен кездесіп, оларды сабақтан кім жібергенін, кім жинағанын тексереміз, сөйлесеміз.  


ktk.kz




Көрілген: 1188    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31