Мәселе

ҚР ІІМ атышулы видеоқұттықтауға қатысты түсінік берді (видео)

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

ҚР Ішкі істер министрлігі қоғам талқысына түскен полиция қызметкерінің жаңажылдық құттықтауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Әлеуметтік желіде полиция киіміндегі қызметкердің құттықтауы тараған.


Ол өзінің құттықтау сөзінде қылмыс әлемінің адамдары жиі пайдаланатын сөздерді айтқаны үшін жұртшылықтың сынына ұшырады. Сөз арасында «біздің братва, біз бандамыз» деген теңеулер кездеседі.


Осыған байланысты ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев түсінік берді.


«Ведомстволық оқу орнының лауазымды қызметкері көзге түскен видео зерттелді. Ол өзінің әріптестеріне құттықтау жолдаған. Бейнежазбаны 2018 жылғы 31 желтоқсанда ІІМ Қарағанды академиясында бірінші курс басшысының орынбасары түсірген», - деп жазды А. Садубаев Фейсбуктегі парақшасында.


Оның сөзіне қарағанда, осы оқиға бойынша қызметтік тексеру жүріп жатыр. Бұл тұрғыда аталған қызметкер мен оның басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ қызметінен босату шарасы қабылдануы мүмкін.



 




Көрілген: 888    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.01.2019, 16:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:02
    Мені өлтірмеші, мама!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31